Өзбек президенті бүгін халқына адал болуға ант береді

Өзбекстан президентінің инаугурациясы 14 шілдеде ел парламентінің заң шығару палатасы мен сенатының бірлескен отырысында өтеді,- дейді Олий Мажлис палаталарының хабарламасында.

Malim Админ

  • 14.07.2023

Салтанатты шарада 9 шілдеде өткен кезектен тыс сайлауда үшінші мерзімге қайта сайланған Шавкат Мирзиеев халқына адал болуға ант береді.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 9 шілдеде өткен кезектен тыс сайлауда Шавкат Мирзиеев 87,05 пайыз дауыс жинаған болатын. Оның қарсыластары елге белгісіз үш кандидат – Робахон Махмудова, Ұлықбек Иноятов, Абдушукур Хамзаев бес пайыздан аз дауыс жинаған. Мирзиеев 2022 жылдың маусымында  конституциялық түзетулерді референдум арқылы қабылдауды ұсынған. Референдум 30 сәуірде өтті. Ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге қатысқандардың 90,2 пайызы негізгі Заңды өзгертуді қолдап, 9,35 пайызы қарсы дауыс берген. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізіліп президенттік өкілеттілік бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылды, және қазіргі президент тағы екі рет қайта сайланып, 2037 жылға дейін өзбек елін басқара алады.

Байланысты жаналықтар

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді

29.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

18.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

01.09.2024

Өзбекстан президентінің кенже қызы лауазымды қызметке сайланды

14.08.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентін қарсы алды

08.08.2024
MalimBlocks
Алматыға Шавкат Мирзиёев келді

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті.

Өзбекстан президентінің кенже қызы лауазымды қызметке сайланды

Бұл оның екінші лауазымды қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентін қарсы алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Ақорда резиденциясында қарсы алды.