Павлодарда мектепте шыққан өрт кезінде бір мұғалім зардап шекті

Павлодарда мектеп өртеніп, бір мұғалім зардап шекті. Мектеп ғимаратынан 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 21.04.2022

«21 ақпан күні сағат 08:04-те Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің пультіне Павлодар қаласы Торайғыров, 24 мекенжайындағы нөмірі 28-мектептің екінші қабатынан өрт шықты деген хабар келіп түсті», - деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Жалпы аумағы 1220 шаршы метр болатын кабинеттердегі жиһаз бен ғимарат шатыры өртенген. Өрт сөндірушілер келген, 576 адам, оның ішінде 551 оқушы мектептен шығып үлгерген. 1975 жылғы мектеп мұғалімі ыс тиіп, уланып, ауруханаға жіберілген. Оның денсаулық жағдайы бірқалыпты екенін айтылды.

Сенатта жүрген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен журналистер оқиғаға байланысты пікір сұрады.

«Мұның бірінші жағдай еместігін айту керек. Сондықтан біз барлық оқыту ұйымдарына толық тексеру жүргізуді тапсырдық. Себебі өртке қарсы шаралар сақталуы тиіс. Мектеп пайдалануға берілгенде, жөндеуден кейін және жаңа оқу жылы басталар алдында міндетті түрде актілер болуы керек. Оның ішінде өртке қарсы қызметтерден де акті болу керек. Менің ойымша, мұндай анықтамалар мен актілер болды, енді өрттің неден туындағанын білу үшін тергеу жүргізілетін болады. Менде бар ақпаратқа сәйкес, күйік алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек бір мұғалім осы жағдайға байланысты психологиялық проблемаға ұшырады. Оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші: Өртенген жердің иесі ғана жүгіріп жүреді, көршілері қарап тұрады

Өрт сағат 09:58де ауыздықталып, 10:15те толық сөндірілген. Қазір өрт сөндірушілер ұсақ шоқтарға су шашып жатыр. ТЖ департаментінің хабарлауынша, шатырдағы өртті өшіруге мектептің салынған материалы біршама кедергі келтірген. Яғни темір шатырдың астында ағаш балкалар болған. Оқиға орнында 70 өрт сөндіруші мен 4 құтқарушы қызмет істеген.

Айта кетейік, өртенген нөмірі 28-мектеп 2020 жылы ғана «Заманауи мектеп» жобасы аясында жөндеуден өткен.

Байланысты жаналықтар

Журналистің көлігін өртеген адам ұсталды

23.02.2023

Суд по делу об утечке ИИНов: давайте мириться?

11.12.2022

Атырауда сәләфилік мектеп заңсыз жұмыс істеп тұр  

12.09.2022

Мағауиннің ауылы өртеніп жатыр. Билік үнсіз

08.09.2022

Алматыдағы өртті кім қойғаны белгілі болды

07.09.2022

Шығыс Қазақстандағы өрт 700 га жерді шарпыды

07.09.2022
MalimBlocks
Журналистің көлігін өртеген адам ұсталды

Екі айға қамауға алынды

Суд по делу об утечке ИИНов: давайте мириться?

Павлодарский городской суд дал время на примирение сторон по делу о распространении персональных данных 11 сотрудников психоневрологического центра по оказанию специальных социальных услуг (ОПЦОССУ).

Атырауда сәләфилік мектеп заңсыз жұмыс істеп тұр  

Сәләфиттер Қазақстан мектептеріндегі зайырлы форматта оқытуға үзілді-кесілді қарсы

Мағауиннің ауылы өртеніп жатыр. Билік үнсіз

Бір өрт сөндіруші қаза тауып, үшеуін күйік шалып, жан сақтау бөліміне түсті

Алматыдағы өртті кім қойғаны белгілі болды

Ол от жаққанын мойындады

Шығыс Қазақстандағы өрт 700 га жерді шарпыды