Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Malim Админ

  • 04.12.2023

Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың «ЦЕФ-3 препаратына қатты аллергия бар» деген сөзіне назар аудармай, укол салған. Соның кесірінен науқас анафилактикалық шок алып қайтыс болды. Қайғылы оқиға 8 қарашада орын алған.  Бұл  туралы   «Патриот»    Telegram-арнасы хабарлады.

Оқиға қалай болғанын  Төрежанның ағасы Арман Мақашев айтып берді.  

«Ағам мемлекеттік қызмет порталы арқылы жоспарлы науқас ретінде түсті. Оған геморройды алып тастау үшін ота жасалуы керек еді. Ол дәрігерлерге Цеф-3 препаратына және новокаинге аллергиясы барын айтты. Дәрігерлер оның білегіне осы препараттарға аллергиясы барын білдіретін көк түсті жапсырмалары бар білезік таққан. Бірақ медбике ағамның палатасына кіріп, Цеф-3 салған. Төрежан қызарып, тұншығып, қайтыс болды», - дейді ол.

Төрежан Мақашев қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Енді оның артында үш баласы жетім, әйелі жесір қалды.

«Дәрігерлер немқұрайды қарап, ағамды өлтірді. Геморройды алып тастау операциясына кірісіп те үлгермеген! Науқастың Цеф-3-ке аллергиясы барын біле отырып, қалай укол салуға болады? Дәрігерлер назар аудармаса, білезікті не үшін тағады?» - дейді марқұмның бауыры.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиевтің айтуынша, тексеріс жүргізілген.

«Анафилактикалық реакция өте ауыр болған. Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды. Қабылдау бөлмесінің дәрігерлері, проктологиялық бөлім меңгерушісінің м.а., медбике аллергиялық анамнезді дұрыс жинамағаны анықталды», - деп түсіндірді Қ.Абзалиев. 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды