Қарызын жапқысы келетін 18 мың адам арыз берді

15 жұмыс күн ішінде азаматтардың шарттарға сәйкес келуі тексеріледі

Malim Админ

  • 15.03.2023

3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталды. Бүгінде 18 мыңнан астам арыз келіп түскен.

Ведомствоның мәліметінше, арыздар негізінен е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсуде.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:

1.борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауы;

борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;

некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер тілімі, банктегі депозит және т.б.);

банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуі.

Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жекелеген азаматтардың банкроттықты қолдана алмайтындығы келесі себептермен анықталды:

- 12 ай ішінде қарыз ішінара өтелгені;

- борышкердің немесе зайыбының мүлкі болуы;

- банкпен не МҚҰ реттеу рәсімін жүргізуі туралы құжаттың болмауы;

- дара кәсіпкер ретінде тіркелгендігі;

- атаулы әлеуметтік көмекті 6 айда аз мерзімде алуы.

Ол азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгінуге болады.

Бас тарту себептерін жою үшін тиісті уәкілетті органга жүгіну қажет:

мүліктің болуы, заңды тұлғаларда қатысуы туралы – әділет органдарына (ХҚКО, «электрондық үкімет» порталы арқылы);

жер тілімі, ауылшаруашылығы жануарлары және арнайы техника бойынша – Ауыл шаруашылығы басқармасы (жергілікті әкімшілікке);

автокөлік құралдары бойынша – Ішкі істер басқармасына, Мамандандырылған ХҚКО;

дара кәсіптің болуы бойынша – Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына;

кредит сомасы, қайтару мерзімдері бойынша – тиісті банкке, МҚҰ-ға немесе коллекторлық агенттіктерге. Егер банк не МҚҰ немесе коллекторлық агенттіктері тиісті құжат бермесе аймақтық Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бөліміне жүгінуге болады.

Егер борышкерге мүлкінің болуына байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартылған жағдайда, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін жүгінуге құқылы (Заңның 6, 20-22 баптары).

Байланысты жаналықтар

«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

08.06.2023

Қазақстандықтардың проблемалық несиесі 12 млрд теңгеге көбейген   

03.04.2023

Қоғамдық орында боқтайтындарға айыппұл көбейді

06.03.2023

Алимент төлеуден қашқандардың қарызы - 14 млрд теңге

30.01.2023

Назарбаевқа қатысты ауқымды аудит жүргізіледі

13.01.2023

Назарбаев туралы заңның күші жойылды 

11.01.2023
MalimBlocks
«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

Сот процесі кезінде Қамабеков ондай қолхатты мүлде жазбағандығын айтып, Жоламановтың сөзін теріске шығарған

Қазақстандықтардың проблемалық несиесі 12 млрд теңгеге көбейген   

90 күннен асқан несие 827 млрд теңгеге жеткен

Қоғамдық орында боқтайтындарға айыппұл көбейді

Қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады

Алимент төлеуден қашқандардың қарызы - 14 млрд теңге

Екі мыңнан астамы іздеуде жүр

Назарбаевқа қатысты ауқымды аудит жүргізіледі

Саяси басымдықтары да болмайды

Назарбаев туралы заңның күші жойылды 

Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді