Қоғамдағы құрмет – азаматтарға міндет

Мемлекеттің дамуындағы ең маңызды идеология адамдардың өзара теңдіктері мен құрметтері. Біз құрмет пен теңдік ұғымдарын отбсыyан бастап қоғамдық ортаға дейін қалыптастырып келеміз. Еліміз көп ұлтты зайырлы мемлекет. Бізде заңды қабылдай отырып әр адамға құрметпен және теңдікпен қарау айрықша мәнге ие. Ата заңымызда да «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі» деп нақты көрсетілгендей өзара құрмет пен теңдік құқықтарын іске асыруымыз керек. Отбасымыз бен ата-анамыз, бала-шағамыздың өміріне және олардың денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Барлық азаматтың өмірін жақсарту мен тұрақты дамуы үшін келісім мен бірлікте өмір сүруі қажет. Өзара құрмет пен теңдікте өмір сүретін қоғам қалыптасып келеді. Өзгеге құрметпен қарау, намысы мен арын таптамау, жеке шекарасы мен беделіне нұқсан келетін іс-әрекеттерге бармау теңдік пен құрметтің үлкен идеологиясы. Еліміз небір нәубетті, ашаршылық пен соғысты да бастан кешті. Бірақ өзара сйыластығы мен құрметін жоғалтқан емес. Қазақ қашан да қонақжай, ашық-жарқын, бауырмал ел. Көршімен тату-тәтті қарым-қатынасты қолдап, қиын күндерде бүтін нанын бөліп, жарты нанын жарып жеген елміз. Біздің ұлттық идеологиямыз ата-бабамыздың арымен, қанға сіңген бауырмалдығымен жалғасын тауып келеді. «Қазақ осы-қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін», - деп Қадір Мырза Әлі атамыз айтқандай, қазақ қай кезде де осы қағидамен өмір сүргендей. Кезінде солақай саясаттың кесірінен босып кеткен халықты жатсынбай бауырына басып, пана бола білді.
«Біздің мәңгілік ел» жалпыұлттық идеологиямызда барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ пен тудың астына топтастырып, бірлігі мызғымас мықты ел құрып отырғанымызда осыған дәлел.
Қазақ үлкенге құрмет, кішіге ізет деген ұстаныммен келеді. Қазірде ардагерлер мен көп балалы аналар, көмекке аса мұқтаж қариялар мен әл-ауқаты төмен отбасылар, жұмысқа жарамсыз азаматтарымызға көмек қолын созып, қамқорлық танытуымыз керек. Республикамыз бойынша игі істер мен жобалар осы ретте септігін тигізіп отырғанын айта кетуіміз керек, ардагерлерді ардақтайық деген ұранмен еліміздің түкпір-түкпіріндегі ардагерлерге мейрам сайын азық-түлікпен, арнайы сыйлық, және қаржылай көмек көрсетіліп келеді. Көп балалы аналардың мемлекеттен алатын жәрдемақысы өсіп, мемлекеттен біршама жеңілдіктер де ұсынылып отыр. Мысалы, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арнайы мектеп формаларымен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегіне тұруға жеңілдіктер, атаулы әлеуметтік көмектер, тегін дәрі-дәрімектер мен балабақша кезегіне де жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеудегі біршама жеңілдіктер бар. Мұның бәрі қоғамдағы теңсіздікті түзетуге, азаматтарымыздың өзін еркін әрі тәуелсіз сезінуіне мүмкіндік беретін бастамалар.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.