«Құлау қаупі төніп тұр»: Прокуратура Алматы облысындағы шахтаның жұмысын тоқтатты

Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнына тексеріс жүргізілді.

Malim Админ

  • 13.03.2024

Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнының ұңғымада тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу дерегін анықтады. 

Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатыр мен борттар бойынша тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың жоқтығы анықталған.

«Бұл заң бұзушылық 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына және шахтаға құлау қаупі төніп тұр. Осыған байланысты прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) әкімшілік іс қозғалып, анықталған заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілген», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, МАЭС шешімімен шахтаның қызметі анықталған заң бұзушылық реттелгенге дейін тоқтатылды.

 

Фото: Ашық дереккөзден 

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Алматы облысында жер сілкінді

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды