Қырғызстан Қазақстанды айыптап жатыр

Malim Админ

  • 10.06.2020

Қырғызстан тарапы Қазақстанды ЕАЭО талаптарын сақтамады деп айыптап жатыр. Бұл туралы Sputnik-Қырғызстан сайты жазды.

Қазақстанның экономикалық одақ қағидаларын орындамай отырғаны жайлы Қырғызстан экономика министрлігі хабарлаған. Олардың айтуынша, көлеңкелі саудамен күресті желеу етіп, Қазақстан тарапы Қырғызстанның экспортына тосқауыл қойып, жөнсіз тексерістер жүргізіп, өткізбей тастайды. Бұл ЕАЭО елдері арасында сәуірде ғана айтылған әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлікті еркін өткізу туралы келісіміне сәйкес келмейді.

Осыған орай екі тарап арнайы кездесу де өткізген. Қазақстан тарапы кінәсін мойындап та қойыпты.

«Кездесу барысында Қазақстан тарапы кептелістің туындауына кінәлі екенін мойындады, сондай-ақ, жеті өткізу бекетінің бесеуін жабу туралы шешімді біржақты қабылдады. (...) Тараптар өкілдерінің қатысуымен өткізу пунктіндегі кездесуінің нәтижелері көрсеткендей, Қырғызстан жақтан көліктердің өтуі үш есе жылдам. Қазақстандық тарап көлеңкелі саудаға қарсы әрекет ету деген желеумен қырғыз экспортын, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін әдейі бөгеп отыр»", - дейді ведомство хабарламасында.

Қырғыз жүргізушілерінің айтуынша, олардың жүктері Қазақстан шекарасынан өте алмай 3-4 күн тұрып қалады.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, ақпан айында Қазақстан тарапы Қырғызстан тауарларының  90 пайызы құжаттық талаптарға сай келмейтінін айтқан. Қырғызстан экономика министрлігі әр жағдайды талдап, егжей-тегжейлі түсіндіруін талап еткенмен, Қазақстан тарапы әлі күнге бір де бір ақпарат бермеген.

Бұл ғана емес, екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасы бойынша статистиканың екі мемлекеттің көрсеткішінде екі түрлі екенін, бұл ретте Қазақстанның көрсеткіштері қате екеніне сенімді.

Қазір екі ел арасындағы шекарада бірнеше шақырымға созылған кептеліс орын алған. Қырғыз тарапында жүздеп саналатын көлік кезек күтіп, бері өте алмай тұр.

Байланысты жаналықтар

Қартоп бағасы алмамен тең

21.01.2025

Картоп экспортына 6 айға шектеу енгізілмек

21.01.2025

Енді Қытаймен арадағы шекараны жаяу кесіп өтуге болады

08.12.2024

БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

01.12.2024

«Қорғаста» мыңға жуық киік мүйізін өткізбек болған

26.10.2024

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

18.10.2024
MalimBlocks
Қартоп бағасы алмамен тең

Картоп экспортына 6 айға шектеу енгізілмек

Бұл елдегі картоп тапшылығының алдын алу үшін қажет

Енді Қытаймен арадағы шекараны жаяу кесіп өтуге болады

Абай облысындағы «Бақты» шекара заставасы жаяу жүргіншілер үшін ашық. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

Қазақстанға кірер бағытта бір жол ғана істеп тұр

«Қорғаста» мыңға жуық киік мүйізін өткізбек болған

ҰҚК заңсыз әрекеттің жолын кесті

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді.