Реформа жастардан басталады

  • 07.04.2023

Жастар қай уақытта да жаңаның басы болғаны белгілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан - дарынды жастардың мекені. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз" деп, үнемі қолдау білдіріп келеді.  Реформа жасайтындар да, әлемдік трендтерді алдымен сезініп, басқалардан бұрын қабылдап, қоғамға енгізетін де солар, кез келген жаңашылдыққа қатысты қоғамдық пікір қалыптастыратын да солар. Және олардың ең үлкен артықшылығы – кейінгі жас балаларға үлгі бола алатыны. Бір ғана мысал келтірейік, мектеп жасындағы балалардың еліктейтін, үлгі тұтатын, тәпті, жанкүйері болатын белгілі адамдардың дені – жалындап тұрған жастар. Тіпті, мектептердегі белсенді оқушылардың өзі өзінің ізін басып келе жатқан іні-қарындастарына үлгі болады. Бүлдіршіндер алдындағы ағаларына қарап бой түзейді, солар сияқты сөйлеп, солар сияқты киінгісі келеді. Демек, жастар тобына жататын азаматтардың өзін өзі ұстауы, жетістікке жетуі – елдің ертеңі үшін де маңызды.

Енді, біз айтып отырған жастарды кім тәрбиелейді дегенге келсек. Әрине, оларды тәрбиелейтін үлкен буын. Ақыл тоқтатқан, тәжірибесі ғана емес, материалдық мәселелерде де белсенді, қолында түрлі ресурсы бар азаматтар. Әрине, бұл жерде мемлекеттік саясаттың ең басты роль атқаратыны айтпаса да түсінікті. Демек, мемлекеттік саясат буын арасындағы байланысқа ерекше мән беру керек. Абай айтқан «Алдынғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер», Мағжан Жұмабаев айтқан «Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» категориясы – өмірдің заңы. Демек, қай уақытта да алдынғы буын өзінен кейінгі буын үшін зор жауапкершілікке ие. Ал, мемлекеттік саясат осылардың бәрінің алдында жауапты. Сол себепті, үкіметте қабылданатын шешімдер, қаралатын мәселелердің бәрінің түбі барып елдің ертеңдері – жастарға тіреледі.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі ұстанымы – бәсекеге қабілетті, ойы еркін, ақылы кемел, материалдық тұрғыда тәуелсіз, өзін өзі дамытуға мүмкіндігі бар азамат қалыптастыруды көздейді. Бұл туралы 2023-2029 жылдарға арналған Мемлекеттік Жастар саясатының тұжырымдамасы да бекітілген. Ендігі мәселе, соны іске асыруға байланысты.

Үкіметтің кезекті отырысында осы мәселеге ерекше мән берілгені белгілі. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов арнайы бағыттарды белгілеп, мән-маңызына тоқталса, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы баяндама жасап, тұжырымдамада айтылған, белгіленген мәндеттерге сараптама жасады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жастарды тәрбиелеудің ең негізгі шарты – олардың бос жүрмеуі керектігін, уақытын тиімді өткізуі жайлы айтты. Жас отандастарымызды қолдау, оларды жұмыспен қамту, білім алуына, өзін толыққанды азамат сезінуіне мүмкіндік жасау мемлекеттік саясаттың негізгі мәндеті.

«Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастырудың жүйелі тәсілі қажет. Тұжырымдамада 2,3 млн-ға жуық жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл өте маңызды аспект, оны барынша тиімді жүзеге асыру керек. Түрлі жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мемлекеттің бөліп отырған ресурстары қомақты, жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындар санын азайтуға ықпал етуге тиіспіз. Тұжырымдамада республика бойынша осындай жастардың үлесін 3,5%-ға дейін төмендету міндеті қойылған. Бірақ бұл үшін шаблонмен жұмыс істеуге болмайды. Әр өңірдегі жастармен жұмыс істеу ерекшелігіне барынша икемделу қажет. Сонымен қатар жастарды қолдау шараларын жақсарту үшін үзбей жұмыс істеу керек», — дейді үкімет басшысы.

Премьер-министр тиісті ведомсвоға өңірлермен жұмысты жандандыра түсу керектігі жайлы айтты. Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі аталмыш тұжырымдаманың маңызына тоқталып, ондағы негізгі міндет-мақсаттар туралы айтты. Оның айтуынша, бұл тұжырымдаманың жасалуына ықпал еткен нәрсе – реформалық өзгерістерге байланысты. Яғни, жастар саясаты туралы заңға өзгерістер енгізілген, осының негізінде арнайы жаңа тұжырымдама дайындалып, бекітіліп отыр.

«Тұжырымдама 7 бағыт, 12 индикатор мен 80 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттарының бірі – ауыл жастарын кәсіби тұрғыда дамыту, кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыру, оқусыз, жұмыссыз жастарды қолдау. Сондай-ақ «Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие», «Салауатты өмір салты» бағыттары бойынша да бірқатар жұмыстар жүзеге асады деп жоспарлап отырмыз», - дейді министр.

Астана қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелелері басқармасы да жас буынның жан-жақты дамуына үлес қосып келеді. Жастар шығармашылығын қолдау бойынша түрлі конкурстар, көңілді тапқырлар клубтары, жыр мүшәйралары жиі өткізіледі.  Жақында қаламыздағы балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу үшін Аула клубтары ашылды.   Қазіргі кезде ұзын саны 25 аула клубы жұмыс істейді. Онда 3100 бала тәрбиеленіп жатыр. Ал жас дарындардың талантын шыңдайтын 124  үйірме  мен секция бар.   Қаладағы әрбір ауданда жастардың уақытын оңтайлы өткізуіне, салауатты өмір салтымен айналысуына барлық жағдай жасалған. 

Жастарға қатысты өзгермейтін қағида бар: «Сен маған жастарыңды көрсетші, мен саған еліңнің ертеңін айтып берейін» деп келеді. Демек, міне деп көрсететін жастарымыздың тағдыры мемлекеттің тағдыры екені даусыз.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.