Ресей келгіншілері Қазақстандағы тасымал қызметін қиындатпай ма? – ИИДМ жауап берді

  • 23.09.2022

Ресейде ішінара мобилизация жасалады дегелі, Ресей азаматтары жаппай шетелге жылжып жатыр. Бұл жағынан әлемдегі ең ұзын шекара Қазақстан-Ресей шектесетінін ескерсек, Қазақстанға көптеп ағылатыны белгілі болған. Қазір бүкіл Қазақстан қоғамы осы Ресейден келіп жатқан азаматтар жайлы көп талқылап жатыр. Осыған орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан арнайы мәлімдеме жасап, елімізде тасымалдау қызметіне қатысты қиындықтар болмайды деп сендірді.

«Соңғы күндері Ресей азаматтарының көршілес мемлекеттерге жаппай көшуі негізгі тақырыптың бірі болып тұр. Әлеуметтік желілерде шекаралық өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезек жайындағы түрлі ақпараттар таралуда. Аталған жазбалардағы пікірлерге қарағанда бұл мәселе отандастарымыздың ерекше назарын аударып отыр.

Өз тәжірибемнен білетіндей, ерте ме, кеш пе – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты салалардың жұмысы жайлы журналистерден сауалдар түсуі мүмкін. Себебі, біздің ведомство автомобиль, темір жол және әуе көлігі арқылы жолаушылар тасымалына жауапты.

Осыған орай, ҚР ИИДМ баспасөз хатшысы ретінде әріптестеріме көлік және тасымалдау салалары бойынша ақпарат ұсынып отырмын.

Қазіргі таңда еліміздің барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеуде. Пойыздар мен ұшақтар және автобустар күндегідей жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда.

Сондай-ақ тасымалдау сыйымдылығын арттыру және рейстердің кешігу санын азайту мақсатындағы тапсырманы орындау үшін кеше кешкілік отандық әуе паркі тағы бір «Boeing-737» ұшағымен толықты. Бұл SCAT авиакомпаниясының соңғы бір жарым айда алған төртінші «Boeing» әуе кемесі. Сыйымдылығы 189 орындықты құрайтын самолет авиакомпания паркіндегі 30-шы ұшақ. Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанның азаматтық авиация флоты тағы да 10 әуе бортымен толығады деп жоспарланып отыр.

Республикалық маңызы бар көлік жолдарындағы қазіргі жағдай мен ондағы қозғалыс қарқындылығы да алдыңғы апталардағыдай қалыпты деңгейде.

Егер БАҚ өкілдері тарапынан министрлік қызметіне байланысты қандай да бір қосымша сауалдары болса, біз әрдайым жедел әрі нақты жауап беруге дайынбыз».

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады