Ресей министрі қырғыз тіліне қарсылық көрсетті

Ресейдің сыртқы істер министрі: «достарымызға қырғыз тілін міндеттеу демократияға сай еместігін» ескерткенбіз. 

Malim Админ

  • 24.07.2023

Мәскеудегі коммерциялық емес ұйым жетекшілерімен кездесуінде «Қазір ТМД кеңістігінде күрделі жағдайлар болып жатыр». Мысалы «Қырғызстанда тіл туралы заң қабылданды. Бұл идея пайда болған сәтте-ақ біз қырғыз достарымызға «қырғыз тілін жаппай міндеттеу – демократияға сай еместігін» ескерткенбіз. Мемлекеттік қызмет санатына мұғалімдер мен мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлер де кірген. Жұмысты жалғастырамыз. Қырғыз конституциясында орыс тілі ұлт аралық қатынас тілі екені бірнеше рет ескертілсе де басқа жаққа тартып отыр, – деді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Лавровтың айтып отырғаны 17 шілдеде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қырғызстанның мемлекеттік тілі туралы» заңға қол қойғаны. Заңда мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорын мен мекемеде қырғыз тілін қолдану міндетті саналады. Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері мемлекеттік тіл – қырғыз тілін білуге және қызмет міндетін орындау кезінде пайдалануға тиіс делінген. Бірақ заңда орыс тілі Қырғызстанда ресми тіл ретінде қолданылатыны да жазылған.

Байланысты жаналықтар

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

09.10.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

«Путин – украин тілінің ең мықты ұстазы» 

05.07.2023

Ресейде жағдай қиындап барады

24.06.2023
MalimBlocks
Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров келесі жылдың наурыз айына белгіленген Ресей президенті сайлауын өткізбеуге шақырды. Бұл ойын ол Грозный орталығында Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне арналған шарада айтқан.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

«Путин – украин тілінің ең мықты ұстазы» 

Қымбат Мұратқызы Киев азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы. Соғыстың бірінші күнінен бастап барлығын көзімен көрген Қымбаттан Украинадағы соғыс, қарапайым адамдардың тіршілігі, өзінің соғысқа деген көзқарасы туралы шағын сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. 

Ресейде жағдай қиындап барады

Іс қарулы бүлік ұйымдастыру фактісі бойынша қозғалды