Ресейдің «Царьград» телеарнасының сайты елімізде жұмысын тоқтатты

Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігі ресейлік «Царьград» телеарнасының сайтын «экстремизмді насихаттағаны үшін» жапты,- деп жазды Masa.media сайты.  

Malim Админ

  • 17.08.2023

Ресейде тіркелген сайт орыс, ағылшын және армян тілдерінде хабар таратады. «Царьград» бірінші ресейлік консервативті ақпараттық-аналитикалық телеарнамыз деп насихаттайды.  

Министрліктің ақпаратына қарағанда, бұған дейін телеарнаға төрт рет тыйым салу ұйғарымын шығарған. Соңғысы «Казахские националисты терроризируют русских женщин накануне дня победы» атты мақалаға байланысты шығарылып, тоқтатылған. Қазақстандағы жабылған ресурстарды қадағалайтын Kaz Blocking Tracker сайтының мәліметінше, телеарна сайты қазір Қазақстанда жабық тұр. Ал «Царьград» телеарнасының сайты бізде емін-еркін көрсетіліп жатқан кезде үш жыл бұрын 2020 жылдың шілдесінде YouTube «Цельград» арнасын толық бұғаттап тастаған болатын.

«Царьград» сайтының негізін қалаушы ресейлік кәсіпкер Константин Малофеев. Ол Ресейдің Украинаға басқыншылығын ашық қолдауына байланысты АҚШ пен Еуроодақ Малофеевті 2014 жылдан бері санкция тізімен қосқан. Оны Украина шығысы мен Қырымдағы сепаратистерді қаржыландырды деп айыптап, АҚШ-тағы 5,4 млн доллар қаражатын бұғаттап тастаған. Биыл АҚШ бас прокуроры Меррик Гарланд қаражатты Украинаның қажеттіліктерін өтеуге жұмсауға рұқсат берді деген мәлімет бар.