Соққыға жығылған жігіт өз-өзіне қол салды

Айшолпан КЕРІМ

  • 14.09.2021

Қарағанды облысы Абай қаласында бір топ бала соққыға жыққан 20 жастағы Әлішер өз-өзіне қол салған. Марқұмның жақындарының сөзінше, қыркүйектің 11-і кешке Әлішер достарымен серуендеп жүріп басқа топтағы жігітпен сөзге келіп, артынша бәрі тарап кеткен.

«Алайда бұл әлгі баланың қалған сегіз досына аздық еткен. Олар Әлішерді қуып жетіп, топ болып аяусыз соққы астына алған. Ал Әлішердің достары, егер солай деуге келсе, қорыққаннан қашып кетіпті. Әлішер болса үйге келіп, басына келгенді көтере алмай өз-өзіне қол салды. Полицияға арыз жаздық. Мұны жасаған жауыздардың жазасын алғанын қалаймыз. Сол күні Әлішердің жанында болғандар оны қалай ұрып, мазақ еткендерін түгел айтып берді. Бірақ қазір қайта қорқып, айтқан сөздерінен бас тартып отыр. Кішігірім қалалардың шындығы, жай өмірі осы», - дейді марқұмның туысы.

«Аталған факті бойынша оқиға болған күні ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы, 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама қорытындысына сәйкес нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Байланысты жаналықтар

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025

Оралда әйел биіктен секірмек болған

28.04.2025

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

21.04.2025
MalimBlocks
"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

Оралда әйел биіктен секірмек болған

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды