Судьяның еркіндігі – әділ соттың кепілі

  • 15.10.2021

 

Судья тәуелсіздігіне еліміздің Ата заңынан бастап бірқатар негізгі заңнамалар кепілдік береді. Соған орай судья төрелік етер кезде тек Конституцияға бағынып, тәуелсіз қазы ретінде іске соңғы нүктені ешкімнің ықпалынсыз өзі қояды. Сәйкесінше сот төрелігін жүргізу кезінде судьяның жұмысына араласуға қатаң тыйым салынып, оның соңы жауаптылыққа әкеп соғады. Осының бәрі сот әділдігін қалыптастырып, азаматтардың төрелікке деген сенімін нығайту үшін керек.

Азаматтық істерді соттың алқалы құрамы қараған кезде ескеретін қағида бар.  Соған орай істі талқылау Азаматтық процестік кодекстің 417-бабында белгіленген тәртіпте, алқа құрамындағы үш судьяның тәуелсіздік қағидаты сақтала отырып, іс бойынша төрағалық етуші бір судьяның жүргізуімен жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда, азаматтық істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде, іс бойынша төрағалық ету міндеті облыстық соттың төрағасына, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасына, олар қатыспаған кезде іс өз өндірісіне бөлінген судьяға жүктеледі. 

Енді бір ескерерлігі «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңындағы 23-бапта ел судьяларының мәртебесі бірдей екені, соған орай азаматтық істі  алқалы құрам таразылаған жағдайда алқадағы судьялар тең құқықта екені дәйектелген. Ал осы алқадағы судьялардың бірігіп істі қарауы кодекстің 36-бабында нақты белгіленген. Соған сәйкес:

 

1. Сот істерін таразылаған алқалы құрамның судьялар тең құқыққа ие. Сондықтан іс барысында туындайтын барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Ал мұндай жауапты сәтте судьялардың ешқайсысы дауыс беруден босатылмайды.

       2. Бұл жерде төрағалық етуші судьяның ұсыныс енгізуге, өз пікірін айтуға, соңғы болып дауыс беруге құқығы бар.

       3. Алқа құрамындағы судьялардың әрт үрлі пікірде болуы заңдылық. Егер бір судья көпшіліктің шешімімен келіспеген жағдайда бәрібір шешімге қол қоюға міндетті. Бірақ ол өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде қағазға түсіріп, оны конвертке салып, мөр басылып жабылған конвертте іске қоса тіркеуі тиіс. Яғни, осы істі кассациялық сатыда қараған сот ерекше пікірмен танысуға құқылы.

            4. Судьяның ерекше пікір білдіргені жайында іске қатысатын тараптарға айтылмайды, сонымен бірге ерекше пікір сот отырысы кезінде де жария етілмейді.

 

Заңның осы бабында көрсетілгендей істі қараған кезде алқадағы судьяның ешқайсысы дауыс беруден сырт қалмайды. Алайда, жанында екі судьяның шешімімен келіспеген судья, іс бойынша қабылданған шешімге қол қойғанмен, өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде қалдырады.

            Шындығында ерекше пікір білдіру ерлікпен пара-пар. Бұл судьяның әр іс бойынша өз болжамы, өз ұстанымы барын білдіретін, сол арқылы тараптардың сенімін көтеруге серпін беретін тетік. Мұндай пікір жалаң болмауы керек. Өйткені, өз пікірін білдіре отырып судья істегі негізгі мәселелерге жоғары саты сотының назарын аударуға тырысады. Сондықтан әрбір судья соттың алқалы құрамы қараған істегі барлық мәселелерге, алқа құрамының көпшілік дауыспен қабылданған шешіміне қатысты өзінің ерекше пікірін негіздеп, іс бойынша не себептен басқаша шешім қабылдануға тиісті деп санайтынын нақты уәждеуі қажет.

Судьяның ерекше пікір білдіруіне, өз ұстанымын айтуына ешқандай шектеу қойылмаған. Әрі мұның заңдық негізінің АПК-де қарастырылуы сот жұмысының сапаға бағытталғанын көрсетсе керек.

Матен Ергазиев

Атырау облыстық сотының азаматтық істер

жөніндегі сот алқасының судьясы  

Байланысты жаналықтар

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

23.05.2023
MalimBlocks
Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

Олар амалсыздан осындай әрекетке барып отыр