Шымкент Қаласының әкімі Бадам тұрғындарымен жүздесті
Шымкент Қаласының әкімі Бадам тұрғындарымен жүздесті
Бадам-1 шағын ауданында 5 мыңға жуық тұрғын тұрса, оның ішінде 100 отбасы жаңақұрылыс бөлігінде тұрады. Осы бөліктегі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» жүргізген болатын.
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов «Бадам-1» тұрғын алабының инфрақұрылым жүйелерінің жағдайымен танысып, сол аумақтың тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар кездесуде өткен жылы құрылысы аяқталған ауыз суды қосу мәселесін көтерді.
Ауыз су құрылысының пайдалануға берілгеніне алты айға жуық уақыт болса да, әлі күнге дейін суға қосу жұмыстары жүргізілмеген.
Қала әкімі туындаған мәселені шешу жолдарын қарастырып, тиісті сала басшысына нақты тапсырмаларды міндеттеді.
Ал, Бадам -2 жаңақұрылыс аумағын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Лидер Строй Проект» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстар аяқталып, қазіргі уақытта тұрғындарды суға қосу жұмыстары жүргізілуде. Суға қосу жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталатын болады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сайга под прицелом: что делать с тушами?
Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.