Тайсон мен Джонс жекпе-жегі шумен аяқталды

Malim Админ

  • 29.11.2020

Лос-Анджелесте қазір ғана 54 жастағы Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасындағы жекпе-жек аяқталды.

Әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы мен бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы арасындағы жекпе-жек көрме сияқты өтті. Тайсон 2005 жылы соңғы рет рингке шыққан еді, ал Джонс 2018 жылығ соңғы рет қолғап киген.

Былғары қолғап шеберлері 2 минуттан тұратын сегіз раунд тойы жұдырықтасты. Басында ұйымдастырушылар нокаутқа рұқсат бермеген, алайда екі боксерда қарсы боған соң, нокаут жасауға рұқсат етілді. Рингке екеуі де бас қорғайтын арнайы шлемсіз шықты.

Сегіз раундтық кездесу тең аяқталды деп шешті судьялар. Бірақ бұған Тайсон разы болмады. Ол өзінің жеңгенін айтты. Джонс та «мен жеңдім» деп тұр.

Калифорнияның Атлетикалық коммисиясының ақпаратына сәйкес, екі спортшы да миллион доллардан алады.

MalimBlocks