Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?
Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ сүріп тастаған «Саяхат» автобекетін Бақытжан САҒЫНТАЕВ қайта тұрғыза ма?
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бұрынғы «Саяхат» автобекеті тұрған жерді меншік иесі сатуға ынталы екенін айтты. Бірақ та бағасы тым қымбат екен. Қала басшысы автовокзалды қайда орнына келтірсе жақсы болар еді дейді.
«Ол жер қала үшін маңызды. Оның нарықтағы бағасын бәрі біледі. Сондықтан қымбат бағаға сатып алуға құқығымыз жоқ. Бұл мәселе қала тұрғындары толғандыратынын білемін. Егер нарық бағасына сай сатса аламыз. Қалай болғанда да жекенің қолында болсада әкімдіктің бақылауында. Автовокзалды қайта орнына келтісе жақсы болар еді. Халыққа қажет. Бәрібір тауар алу үшін ол жаққа такси қатынайды», - деді әкім тікелей эфирде.
Естеріңізге сала кетейік, «Саяхат» автовокзалын Алматы әкімі болып тұрған кезінде Иманғали Тасмағамбетов бұздырған еді. Автобекет бұл күні қаланың ортасында қалып қолайсыздық тудырып отыр деген болатын.
«2007 жылдың күзінде «Саяхат» эксплуатацияға өткізіледі. Кезінде қаланың сыртында болған «Саяхат», «Сайран» қазір қаланың ортасында қалды. Осы жылы олар өз жұмысын тоқтатады. Реконструкциядан кейін олар ірі заманауи сауда кешендеріне айналады», - деген еді Иманғали НҰРҒАЛИҰЛЫ.
«Саяхаттың» орыны осыған дейін талай мәрте талқыланған. 2018 жылға дейін ол жерде базар да болды. Алматы маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустардың аялдайтын жері де болған.
«Саяхат» автовокзалы Алматының тарихи ғимараттарының бірі еді. 1967 жылы алғаш ірге тасы қаланған.1980 жылы одан 500 автобус түрлі бағыттарға қатынайтын.