Тоқаев Сара Назарбаеваны комиссиядан шығарып жіберді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі комиссия құрамынан бірнеше адам шығарылды. Олардың қатарында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева бар.

Ақниет Аманжолқызы

  • 19.05.2022

Айта кетейік, Әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі комиссия 2006 жылы құрылған. Сол жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 ақпандағы №56 жарлығымен комиссия құрамы бекітілген. Ресми тізімнің орта тұсына Сара Алпысқызы Назарбаева да енген. Тоқаевтың комиссиядан шығару туралы жарлығында да Назарбаеваның аты орта тұста жазылыпты.

Бұған қоса, комиссиядағы жұмысын Қазақстан адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, "Қазпошта" директоры Айда Әбибуллаева, скрипкашы Айман Мұсақожаева, "Отбасы банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова және тағы 20 шақты адам тоқтатты. Олардың орнына президент жаңа кандидаттарды ұсынды.

Оқи отырыңыз: Қамаудағы Сатыбалды «Қазақтелекомды» мемлекетке қайтарып беруге әзір

Осыған дейін комиссия жетекшісі болған Ләззат Рамазанова да қызметінен бір саты түсіп, төраға орынбасары болды. Ал жаңа басшы болып президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Айда Балаева тағайындалды.

81 жастағы Сара Назарбаева соңғы жылдары көпшілік назарынан тыс қалған. Тек жылына бір рет өз туған күні қарсаңында «Бөбек» қайырымдылық қорында болатын жиналыстарға қатысатын. Күйеуі Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ресми сапарларға баруды да тоқтатқан.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады