Түркістан облысында ауыл әкімдерін сайлауын өткізу тәртібі талқыланды

  • 18.09.2023

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек» деген болатын.

Бүгінде еліміздегі халықтың 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Ал Түркістан облысында 80 пайыз тұрғын ауылда тұратынын ескерсек, ауыл әкімдерін сайлау туралы бастама өңір үшін өте маңызды. Әкімдер биліктің сол елді мекендердегі, ауылдардағы халықтың өкілі болып табылады. Сондықтан, Үкімет халықтың мүддесі үшін жасалынатын мұндай шараны көп ұзамай-ақ бастап кетті. Ел азаматтары жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей өздері сайлау мүмкіндігіне ие болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі.  Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болу үшін алдағы сайлауды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды», – деген болатын. Бүгінде сайлау учаскелерінде сайлауды талапқа сай өткізуге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Айталық, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы бекіткен кестеге сәйкес 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Сауран ауданында барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары және хатшыларының қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарларына аудандағы 39 учаскелік сайлау комиссияларынан 78 адам қатысты.

Семинарда сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстар, учаскелік сайлау комиссияларының сайлаулар өтетін күнгі негізгі міндеттері талқыланды.

Күн тәртібінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы О.Амреев, орынбасары Н.Жұманова, мүшесі К.Сулейменова заң талаптарына сай аудан бойынша учаскелік сайлау комиссияларымен өткізілетін жұмыстар жөнінде ойларымен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинарда комиссия төрағасы О.Амреев ауданда өтетін сайлауға дайындық барысына, оның ішінде аудандарда өтетін аудан әкімінің сайлауы бойынша туындап жатқан негізгі ситуациялық сұрақтарға және 2022 жылы қала және ауылдық округі әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңіндегі туындаған мәселелерге тоқталып, комиссия мүшелерінің жіберген кемшіліктерін атап көрсетіп, оларға қандай шара көрілгендігі туралы заң талаптары бойынша баға берілгендігін атап өтті. Алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселесіне кеңінен тоқталды. Оқыту семинары барысында қатысушылардың барлығы сайлау заңнамасына қатысты тестілеуден өткізілді.

Семинардың соңында сайлау өтетін күні туындауы мүмкін деген ситуациялық сұрақтарды заң талаптарына сәйкес шешуге арналған тренинг өткізілді.

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.