Түркістан облысында халық өзі таңдаған әкімдер саны артты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы жалғасуда. Бұл үрдіс демографиясы жоғары Түркістан өңіріне оң ықпалын тигізуде. Өйткені, өңірде ауылдар саны көп. Олардың бәріне әкімдерді ел өзі таңдап жатыр.

  • 19.05.2023

Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінің әкімі болып Алдияр Құрманқожаев сайланды. Қала басшысы Гүлжан Құрманбекова Дермене ауылында болып, жаңа әкімді ауыл тұрғындарына таныстырып, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті.

«Басты мақсат - халықтың әл-ауқатын арттыру, ауыл өмірін жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстарды лайықты деңгейде атқару. Ауыл халқы өзіңізге сенім артып, сайлауда дауыс берді. Сондықтан округ тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларын дамытуды, мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген міндеттерді жүйелі атқарып, тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды тапсырамын. Жұмысыңызға табыс, қызметіңізге сәттілік тілеймін»,  деді қала басшысы Гүлжан Мамытқызы.

Мұнан соң сөз алған Арыс қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы орынбасары Нұрмағанбет Әділбеков сайлау қорытындысын таныстырып, жаңа әкімге қызметтік куәлігін табыстады.

Ауыл ақсақалдары әкімге бата беріп, ауыл тұрғындары сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 2021 жылы, 25 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойған болатын.

«Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Содан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдерін сайлайтын боламыз. Осылайша, биліктің барлық институттары жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Біз саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз. Бәріміз мына бір өте маңызды нәрсені түсінуіміз керек. Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Кейбір адамдар, солардың ішінде саясаткерлер де бар, осындай реформалар Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп айтады. Бірақ мен осы өзгерістердің барлығы, ең алдымен, ел болашағы үшін ауадай қажет деп ойлаймын. Алған бетімізден қайтуға болмайды. Керісінше, заң үстемдігі, халық бірлігі, әлеуметтік әділдік және ішкі саяси тұрақтылық секілді іргелі құндылықтарға баса мән бере отырып, реформалар жолымен алға қарай нық қадам басуымыз керек», деді президент.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың былтырғы халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесі күні елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.

Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінің сайлауы біздің саяси жүйеміздің кемелденуінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық дамуындағы елеулі қадам екенін атап өткен еді.

Сол саяси науқанда Арыс қаласы бойынша ауыл әкімдерінің сайлауы заңға сәйкес, өз дәрежесінде өтті. Тұрғындар өз ауылдарының көркеюі мен дамуы үшін таңдауларын жасаған болатын.

Сайлау учаскелерінде санитарлық нормалар сақталып, комиссия мүшелері өз жұмыстарын абыроймен атқарды. Сайлау заңнамасына сәйкес ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.

Арыс қалалық Аумақтық сайлау комиссиясы ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша қорытынды деректерді жариялады.

4 ауылдық округ бойынша дауыс беруге 12 сайлау учаскесінде 10439 сайлаушы тіркелген. Сайлау қорытындысына сәйкес тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 80 пайызы дауыс берді.

Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ауыл-ауылды, елді-мекендерді аралап тұрғындарды толғандырған ұсыныс-тілектерін тыңдап, ауылдағы өзекті мәселелерді анықтап, бағдарламаларына енгізілетінін атап өткен-ді. Бүгінде аймақтарда осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26.11.2023

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

02.11.2023

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

26.10.2023

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

19.09.2023

Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

28.08.2023

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

08.08.2023
MalimBlocks
Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26 қарашада Келес ауданы Бірлесу және Біртілек ауыл округтері әкімдерінің сайлауы өтті

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне  Жүсіпов Данияр Елшібекұлы сайланды.

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын Түркістан жұртшылығы үлкен үмітпен қабылдады. Былтыр бүкілхалықтық референдум бойынша облыстық штаб құрамында жұмыс істедім.