Түркістанда су тасқыны жалғасып жатыр

11 автомобиль жолының 23 учаскесін су басып қалды

Malim Админ

  • 02.02.2023

Түркістан облысында су басқан аудандардан 154 адам эвакуацияланды. Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәлім етілгендей, Түркістан облысында министрліктің республикалық жедел штабы ұйымдастырылды. 300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа суды сорып шығару және ағызу жұмыстарына жұмылдырылды. Өңірге министр Юрий Ильин ұшып шықпақ.

«Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен су басқан аула аумақтарынан 154 адам эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар туыстарының үйлеріне кетті.

Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды.

Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 2500 бірлік көлемінде құм салынған қаптар төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесін су басып қалды.

Ордабасы ауданындағы «Найман» және «Құртай» суару каналдарында су деңгейінің көтерілуі тіркелді. Қазіргі уақытта суды Арыс өзеніне ағызу жұмыстары жүргізілуде.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын тоқтады, бірақ су ағыны жалғасуда», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Тау беткейлерінен судың ағуы 3 ауданда тіркелді: Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік, Мыңбұлақ, Қосбұлақ), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлгілі, Ораңғай, Майдантал, Шаға), Ордабасы (Шұбарсу, Бадам, Шұбар).

Қазір тасқын суы 17 елді мекенде көшелер мен үйлердің аулалары арқылы ағып жатыр. Алдын ала болжам бойынша су басқан жерлер: 1 жеке тұрғын үй, 15 көше, 201 аула аумағы (Бәйдібек - Ақбұлақ ауылы - 1 жеке тұрғын үй (су деңгейі 15 см), 7 көше және 77 аула аумағы, Ордабасы - 2 көше және 3 аула аумағы, Сауран - 6 көше және 121 аула аумағы) және Ордабасы ауданындағы мектеп аумағы (Исламқұлов атындағы мектеп).

Бүгін таңертең Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басып қалды. Өңірде жедел желі іске қосылды. Сауран ауданында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті. Сондай-ақ осы ауданда 7 балабақша жұмысын тоқтатты.   

Байланысты жаналықтар

Астананы қалың қар басты.  Тұрғындар автобустардың кешігуіне шағымданып жатыр 

17.04.2023

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Түркістанда бүгін де өзен суы көтеріледі

03.02.2023

«Орныңды босат, Шөкеев!» - Түркістан әкімінің есеп беру жиынынан репортаж 

16.06.2022

Елімізде 157 елді мекенді су басу қаупі бар. Апаттың алдын алу жұмыстары

31.03.2022
MalimBlocks
Астананы қалың қар басты.  Тұрғындар автобустардың кешігуіне шағымданып жатыр 

Қоғамдық көліктерді аялдамада күтіп қалған адамдар  көп

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістанда бүгін де өзен суы көтеріледі

Ауа температурасы жоғарылап, қар қарқынды ериді

«Орныңды босат, Шөкеев!» - Түркістан әкімінің есеп беру жиынынан репортаж 

Мақажановтың қылмысы дәлелденсе отставкаға кетуге дайынмын деді

Елімізде 157 елді мекенді су басу қаупі бар. Апаттың алдын алу жұмыстары

Қазақстанда соңғы аптадағы жауын-шашын мен жел салдарынан 157 елдімекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министр Юрий Ильин хабарлап, апаттың алдын алу жұмыстарымен таныстырды.