Ұлттық халық санағы: елорда сауда орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

  • 25.10.2021

Интервьюерлер, еріктілер елордалық СОО және базарларда ұлттық халық санағы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда жәрмеңкеге келушілермен, сонымен қатар "Big Шанхай" СК, "Артем" СҮ, "Тұлпар" СҮ, "Евразия" СОО келушілерімен әңгімелесіп, санақтан екі тәсілмен – sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн және дәстүрлі түрде өтуге болатындығын еске салды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы департаментінің қызметкерлері, интервьюерлер, еріктілер буклеттер таратып, сұрақтарға жауап берді, планшеттер арқылы қалай тіркелуге болатынын көрсетіп, онлайн санақтан өтуге тілек білдірушілердің барлығына көмектесті.

"Халық санағы қажетті жұмыс орындарын құру, еңбек ресурстарына талдау жасау, балабақшаларда, әлеуметтік мекемелерде орындар құру және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін еліміздің демографиялық көрінісін көруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда елорданың 600 мыңнан астам тұрғыны халық санағынан өтті", - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің бас маманы Айбек Қалиев.

Елорда тұрғындары халық санағына белсенді қатысуда. Бұған дейін елордалық ҚХА, ҮЕҰ өкілдері қала тұрғындарын санақ науқанына қатысуға шақырды, сондай-ақ еріктілер үй-үйді аралау жұмыстарына қосылды. Елордада бүгінгі таңда шамамен 1,5 мың интервьюер-санауыш халық санағынан өтуге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, интервьюерлердің офлайн аралау жұмыстары 30 қазанға дейін жалғасады.

Ұлттық статистика бюросы онлайн санақтан өткендерге интервьюерге хабарлама нөмірін көрсету қажет екенін еске салды. Олар қайтадан сұралмайды.

Интервьюерлерді санақтың логотипі бар көк түсті шарфы мен сөмкесі бойынша тануға болады, бұдан басқа, әрқайсысында планшет және интервьюер куәлігі болуы тиіс. Куәлікте көрсетілген тіркеу нөмірі бойынша sanaq.gov.kz сайтынан интервьюердің жеке басын тексеруге болады. Сондай-ақ, мұны 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да жасауға болады.

Айта кетейік, халық санағын онлайн өткізу мүмкіндігі тоқтатылғаннан кейін мерзімді ұзарту туралы көптеген өтініштер келіп түсті. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-сауалнама функциясын қайта жүктеу туралы шешім қабылданды.

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін