"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?
«Қызылордада субсидия шаруақожалықтарға заңсыз берілді.»
Қызылорда облысы әкімдігіне қырыққа жуық шаруа қожалықтарының басшылары наразылықтарын айта келді. Олар мемлекеттік субсидиядан қағылғандар. Осы айдың ортасында электронды түрде субсидиядан өтінім берген. Алайда, электронды жүйе тоқтап қалған. Осылайша малшы ағайын төрт-түліктің азығынан айрылған.
«Электоронды жүйе істен шықты дейді. Оған күдікпен қарймыз. Дым әділдік жоқ деп есептеймін. Әділеттік нөл. Өйткені бір аудан 80 процент субсидия алды деп жатыр. Қазір келіп бөлді де, бізге үміт беріп қойды. Біз ол ақшаны жұмсауды жоспарлап қойғанда, артынан өтірік алдап лақтырып кетті», - дейді Рүстем СӘРСЕНБАЕВ атты шаруақожалық иесі
Жиналғандардың айтуынша бірде-бір қожалығы субсидия алмаған аудандар бар. Бір ғана аудан субсидияның басым бөлігіне ие болды деп ашынған шаруалар бұған ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың ықпалы болуы мүмкін дейді.
«Белгілі бір топ отырған сияқты, беретін адамдарына беріп. Мына жаңа жігіттер келіп айтып жатыр. Әдейі вирус жіберіп субсидия алуға кедергіні қолдан жасайды деп. Бұл не масқара?», - дейді тағы бір шаруақожалық иесі Ербол НҰРМАНБЕТОВ.
Әкімдікке жиналған шаруа иелерімен әкім Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА өзі кездескенімен аймақ басшысы жиында бұл мәселенің нақты шешімін ұсынбады. Биылдың өзінде бюджет есебінен бес бюст ашқан әкім шаруалар сұранысындағы субсидияға ақша жеткізе алмай отырғанын ашық айтты. Ал бекітілген ақшаның біразын тек бір ауданның алып кеткеніне әкімнің өзі де аң-таң.
«Ауыл шаруашылығы министрлігімен сөйлесейін. Нормативті өзгертуге болатын болса, әлі де кеш болмаса қазір көрейік. Бірақ құрметті кәсіпкерлер бекітілген бюджет бар заңды түрде биылға 730 млн-нан артық қазір ақша жоқ», - деп қысқа қайырды әкім Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА.
Бұл мәселеге қатысты әкім Гүлшара Әбдіқалықова қызметтік тексеріс жүргізіп, арнайы комиссия құрылатынын айтады. Ал мал өсіріп күнелткен шаруалар мемлекет тағайындаған ақшаны бөліп-жармай, бәріне біркелкі бөліну керек дейді.