Яндекс такси өз тұтынушыларының деректерін Ресейдің ФСБ-ына береді

1-қыркүйектен бастап Ресейдің ФСБ-сы Яндекс таксиде сақталған деректер базасын алуға мүмкіндік беретін заң күшіне енеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Malim Админ

  • 09.08.2023

Ресей билігі 2022 жылдың желтоқсан айында  такси қызметін реттеу туралы заң қабылдаған болатын ол  1-қыркүйек айынан бастап күшіне енеді. Осы заңға сәйкес, ФСБ автоматты түрде жиналған барлық техникалық ақпаратты (IP мекенжайы, құрылғы идентификаторы, оның түрі мен үлгісі, пайдаланылған операциялық жүйе, браузер немесе мобильді қосымша туралы ақпарат) және пайдаланушылар берген ақпаратқа (аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта мекен-жайы, банктік ақпаратты) ала алады.

Жолаушылардың бүкіл дерегі сақталған «Яндекстің» сервері Ресейдің Мәскеу, Рязань, Владимир, Калуж облыстарында тұр.

Яндекс таксиі қазір 20 елде – Қазақстан, Израиль, Норвегия, Финляндия, Беларусь, Армения және Грузияда т.б. жұмыс істейді.

Бұл мәселеге байланысты «Қазақстандағы деректерді шетел құзырлы органдары (соның ішінде Ресей де) халықаралық процедурада көрсетілген ресми жолдармен ғана сұрай алады» дейді компанияның Қазақстандағы өкілдігі.

Ал Финляндия мен Норвегия деректерді қорғау бойынша омбудсмені клиенттердің деректерін «Яндекске» беруді тоқтататын қаулыға қол қойды. Қазақстан мұндай қаулы шығарған жоқ.

Бір жыл бұрын компаниядағы қызметінен кеткен Яндекс негізін қалаушы Аркадий Волож өзінің өмірбаянындағы Ресейге байланысты жерлерін алып тастап, өзін Қазақстанда дүниеге келген израильдік кәсіпкер деп өзгертті.

Байланысты жаналықтар

Банктер қарыз алушылар туралы қандай мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынады

12.06.2024

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

11.04.2024

Антимонопольщики озадачены вопросом "Яндекс.Такси"

18.01.2023
MalimBlocks
Банктер қарыз алушылар туралы қандай мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынады

Жоба 2024 жылғы 26 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 524 жеке тұрғын үй, 502 аула аумағы су астында қалуда.

Антимонопольщики озадачены вопросом "Яндекс.Такси"

Антимонопольщики обещают довести до конца расследование по тарифообразованию агрегатора "Яндекс.Такси".