Жамбыл ауданына кәсіпкерлер жәрдемдесті

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациясының кәсіпкерлері аттандырған қайрымдылық керуені Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданына жетті. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.
Қайрымды жандар аудан халқына аса қажетті заттаржы жіберген. Бұл жағымды жаңалықпен коорпорацияның баспасөз хатшысы Серік Жұмабек бөліскен еді.
– Демалыс күндері барлық аудандарды қамтып, жомарт жандардың аманатын табыс етуді жоспарлап отырмыз. Бүгін Жамбыл ауданына 70 қорап дәрі-дәрмекті жеткіздік. Сондай-ақ тұрмыстық табысы төмен, ем-домға мұқтаж азаматтарға тегін таратылуын аурухана дәрігерлеріне тапсырдық, – деді Серік Дәрменұлы.
Еске сала кетсек, өткен аптада Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Сағынтаев пен «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің басшылары ауданға 5 дана оттегі шоғырлатқыш аппаратын сыйға тартса, олардың ізін суытпаған кәсіпкерлер жағымды жаңалықпен халықты қуантып отыр.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сайга под прицелом: что делать с тушами?
Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.