Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Солтүстік Корея Ресейге тағы да әскер жібермек

Саясат
Солтүстік Корея Ресейге тағы да әскер жібермек

Фото: Yonhap

Солтүстік Корея, бәлкім, Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін Ресейге қосымша әскер мен әскери техниканы, оның ішінде дрондарды жіберуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Yonhap  басылымы Оңтүстік Корея әскери күштеріне сілтеме жасап.

«Көптеген барлау мәліметтерінің сараптамасы Солтүстік Кореяның әскерді [Ресейге] ротациялау немесе жіберу көлемін арттыруға дайындалып жатқанын көрсетеді», – делінген Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастығы комитетінің мәлімдемесінде.

Оңтүстік Корея барлау қызметі бұрын Солтүстік Кореяның соғыс барысында шамамен 1100 әскерінен айырылғанын айтқан болатын.

 «Сондай-ақ Солтүстік Кореяның дрон өндірісін дамыту және Ресейге жеткізу мақсаты жайында бірқатар дерек бар, бұл туралы алғаш рет Ким Чен Ынның қараша айындағы әскерінің әлеуетін тексеур кезінде айтылған болатын», – деп қосады комитет.

Солтүстік Корея БАҚ-тары Ким Чен Ынның қараша айында әртүрлі типтегі дрондардың сынақтарын бақылап, оларды жаппай өндіруге нұсқау бергенін хабарлаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу