Абай ескерткішіне жұмыртқа лақтырған жігіт жазаланды

Берік Жанатханұлы

  • 22.05.2021

Павлодарда Абай ескерткішіне жұмыртқа мен әжетхананың қағазын лақтырған азамат жеті тәулікке қамауға алынды. Бұндай шешімді мамандандырылған әкімшілік сот шығарған.

Артынша бұл әрекетіне кешірім сұраған 21 жастағы павлодарлық азамат Instagram желісінде кешірім сұрап, ескерткішті жуып шыққан.

"Кеше қателесіп, Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырдым. Кінәмді өтеу үшін ескерткішті өз еркіммен жууды ұйғардым. Павлодар мен Павлодар облысының барлық тұрғынынан кешірім сұраймын. Мұндай қателік жасамаңыздар", - деген еді  жігіт.

Соттың мәліметінше бұл жігіт Павлодар қаласында бармен болым жұмыс жасайды. Сотта ол қызымен ұрысып қалып осындай бейәдеп әрекетке жасағанын айтты. Және мас болғанын да мойындады. Сондықтанда ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш айыппұл да салынды. 

Фото: kaztag.kz