Әлішер Ерғали ширек финалдан аса алмады

Жеке бапкері жағдайды түсіндірді

Мәди Саматұлы

  • 10.08.2024

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Malim.kz. 

97 келіге дейінгі салмақта белдескен ол әлем және Азия чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновке 2:14 есебімен есе жіберді.

Әлішердің әлі де Олимпиадада күресу мүмкіндігі бар. Егер Тажудинов финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатыса алады.

Артынша жеке бапкері Пернебек Беласар белдесуге қатысты ойын айтты. 

Өте өкінішті. Жақсы дайындықпен келген едік. Төрт ұпай бәрін шешіп кетті. Мақсатымыз қарсыласты шаршату болған. Алайда, тағы да айтамын, сол төрт ұпай жоспарымызды бұзды. Осы жеңіліс үшін халықтан кешірім сұраймыз, деді ол.

Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Байланысты жаналықтар

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

25.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

08.04.2025

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

18.03.2025

Халықаралық жарыста жас каратэшілер 4 алтынға ие болды

24.02.2025

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайта табысталды

30.01.2025
MalimBlocks
250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген

Халықаралық жарыста жас каратэшілер 4 алтынға ие болды

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайта табысталды

Ол бірнеше жыл бұрын кубокті қайтарып берген еді