457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаев UFC-де төртінші қарсыласын жеңді

Ол жалпы карьерасында 16 жеңістен тұратын сериясын жалғастыра түсті

Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night кешінде бразилиялық Маттеус Николауды төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Алмабаев өзінің керемет күрес қабілетін көрсетіп, тактикалық шеберлігімен ерекшеленді. Бұл оның UFC-дегі төртінші, жалпы ММА мансабындағы 21-ші жеңісіне айналды. Асу қазір 17 жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясын жалғастырып келеді​.

Жекпе-жек алдында қазақстандық ең жеңіл дивизион рейтингінде 14-орынды (56,7 кг дейін), бразилиялық жетінші орынды иеленіп тұрған.

Фото: instagram/asu_zulfikar57