Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Байқоңыр ауданында жаңа спорт алаңы ашылды

Спорт
Байқоңыр ауданында жаңа спорт алаңы ашылды

Бүгін елордадағы № 34 Барлыбек Сырттанұлы атындағы мектепте спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.  Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 


Қаланың шеткі бөлігінде орналасқан мектепте қазіргі сәтте 374 оқушы білім алып жатыр. Байқоңыр ауданының әкімдігінің демеушілігімен 3 ай ішінде жаңа спорт алаңы салынды. 

Іс-шараға Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» басшысы, Білім басқармасының әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар, мектеп түлектері қатысты.

«Мектеп оқушыларының білімді де, білекті де болғаны біз үшін өте маңызды. Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан біз әрқашан да білім мен спортты қатар алып жүруіміз керек», - деді мектеп директоры Мұрат Ахметов.

Ресми ашылудан кейін спорт алаңында мектеп оқушылары эстафеталық ойындар, асық ату, арқан тартыс, кермеге тартылу, футбол, шахмат бойынша өздерінің спорттық дағдыларын көрсетті.

Фото: Астана қаласы әкімдігі 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу