БАҚ қызметкерлері арасында Сейдахмет Бердіқұлді еске алуға арналған мини-футбол бойынша турнир өткізіледі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен БАҚ қызметкерлерінің күніне орай маусымның 27-сі күні Нұр-Сұлтан қаласында шағын футболдан білікті қаламгер, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлды еске алуға арналған республикалық турнирін қайта жандандырылады

Malim Админ

  • 18.06.2021

Алғаш рет байрағын 1994 жылы көтерген барша БАҚ өкілдерінің тағатсыздана күтетін доп додасына айналды. Алайда, карантиндік шектеулерге байланысты дәстүрлі турнир ұйымдастырылмай қалған болатын.

Осы орайда Сейдахмет Бердіқұлдың рухын ардақтау және отандық БАҚ өкілдерінің басын қосып, өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі турнирді «BAQ liga» қоғамдық қорымен қайта жандандырып отыр. Турнир 27 маусымда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Ғ. Балаева «Дене шынықтыру әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады және БАҚ қызметкерлері де ерекшелік емес. Аталған шарамен біз ақпарат саласының дамуына үлкен үлесін қосқан белгілі әріптестерімізге құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ, ол өскелең ұрпақ үшін үлгі болады деп сенемін» - деп отырып, республикалық және өңірлік БАҚ-тарды турнирге белсенді қатысуға шақырады.

Айта кетейік, Сейдахмет Бердіқұл (1933-1994) – Алматы облысы, Жамбыл ауданындадағы Қаракастек қыстағында дүниеге келген. 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1965-1970 жылдары «Қазақстан пионерінің» редакторы, 1970-1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986-1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды, қазақ спорты жанрының негізін қалады. 1960 жылдан бастап әдеби-көркем шығармалар жазумен айналысқан. Орыс тілінде «Острый клинок» жинағы жарық көрді. Бірталай туындылары туысқан халықтар тілінде аударылды. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

Шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұлдың алғашқы турнирі қаламгер дүниеден өткеннен кейін 1994 жылы ұйымдастырылды. Биыл 23-ші рет байрағын желбіретпек.

Турнирге қатысатын командалар бірнеше топқа (әрбірінде 4 командадан) тұратын бөлінеді. Әр топтан екі үздік команда келесі кезеңге шығады, әрі қарай плей-офф бәсекесіне ұласады.

Байланысты жаналықтар

Милад Карими Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

18.04.2025

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

18.04.2025

Самбодан Азия чемпионаты. Қазақстандық жастар 27 медаль жеңіп алды

18.04.2025

Жәнібек Әлімханұлы: Ол менен қорқады

17.04.2025

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025
MalimBlocks
Милад Карими Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

Головкин: Миссиямды табандылықпен жалғастыра беремін

Самбодан Азия чемпионаты. Қазақстандық жастар 27 медаль жеңіп алды

Жәнібек Әлімханұлы: Ол менен қорқады

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды