457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бейбіт Жұқаев – Уимблдонның негізгі кезеңіне шыққан алғашқы қазақ

Қазақстандық теннисші, Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев (ATP 251) алғаш рет Grand Slam турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Ол — әйгілі Уимблдонға өткен алғашқы қазақ теннисші, деп хабарлайды Malim.kz.

Іріктеудің шешуші матчында Жұқаев франциялық Лука Павловичті (ATP рейтингінде 239-орын) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіп, тарихи жеңіске жетті. Былтыр дәл осы жарыста финалға дейін жетіп, жолдамадан бір қадам қалғанда қарсыласынан жеңіліп қалған болатын.

Бұл — 24 жастағы спортшының мансабындағы айтулы жетістік.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов іріктеуден өте алмады.

Нәтижесінде, 2024 жылғы Уимблдон турнирінің негізгі кезеңінде Қазақстан атынан келесі спортшылар бақ сынайды:

  • Ерлер: Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев.
  • Әйелдер: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина (жұптық сында).
  • Юниорлар (іріктеу): Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай.

Негізгі кезеңнің жеребесі жұма күні таңертең өтеді.

Фото: ҚТФ