Брейкинг арқылы ауылдан шыққан жолымды көрсеткім келді – Амир Закиров

Ол брейкингтен Қазақстан атынан Олимпиадада тұңғыш қатысушы

Мәди Саматұлы

  • 11.08.2024

Париж Олимпиадасында брейкингтен сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Амир Закиров өз жарысын қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, өнері өзіне ұнайды. Дегенмен, төрешілердің өз талабы бар. Жеңу үшін белгілі бір би түрін көрсету қажет.

Ал, мен әркез өз қалауымша билеуге тырысамын, спортта болу керек ережелердің жетегінде кеткім келмейді. Өкінішке қарай, сол ережеге сай мен бірінші, екінші не үшінші орында да емеспін. Бірақ өзіме көңілім толды, дейді ол.

Оның сөзінше, шағын мемлекеттердің өкілдеріне бұндай деңгейде өнер көрсету қаншалықты қиын екенін сезінеді, қысым жоғары. Ал Еуропа, Америка үшін бұл қалыпты жағдай.

Бүгінгі менің мақсатым жеңіс емес, осы Олимпиаданы, брейкингті тамашалаған жас ұрпақты шабыттандыру. Спортшы үшін сәл ерекше киіндім. Үстімдегі киімнің бәрін достарыммен жасадық, дейді ол.

Айтуынша, оның кеудесінде еңбекшіл ауыл бейнеленген. Балалық шағы өткен үйінің суреті бар.

Өкінішке қарай, бірнеше жыл бұрын бұл жерде өрт шықты. Оқыс жағдай кезінде әкем мен атам көз жұмды. Сондықтан, бүгін брейкинг арқылы өз отбасымды, ауылдан шыққан жолымды көрсеткім келді. Мен үшін бұл өте маңызды. Бұл қолымнан келді деп ойлаймын, деді Закиров.

Айта кетейік, жерлесіміз СҚО тумасы. Ол ширек финалда америкалық  Victor-ға қарсы шыққан болатын. Үш раунд өткізіп, қарсылас 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Байланысты жаналықтар

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

25.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

08.04.2025

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

18.03.2025

Халықаралық жарыста жас каратэшілер 4 алтынға ие болды

24.02.2025

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайта табысталды

30.01.2025
MalimBlocks
250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген

Халықаралық жарыста жас каратэшілер 4 алтынға ие болды

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайта табысталды

Ол бірнеше жыл бұрын кубокті қайтарып берген еді