Бүгін Қазақстан Холанд пен Эдегор бастаған Норвегиямен кездеседі

Эдегор Қазақстанға екінші рет, Холанд алғаш рет келді

Сабина Асқарқызы

  • 06.09.2024

UEFA Ұлттар лигасының жаңа маусымы басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын бүгін Норвегиямен өткізеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Алматыдағы ойынға билеттер толық сатылып кеткен. Тіпті, 20 тамыз күні сатылымға шыққан бұл матчтың билеттері бір тәулік ішінде толық өтіп кеткен.

Негізі билет бағасы 2-10 мың теңге аралығында болды. Бірақ «алып-сатарлар» одан көп қосқан болуы мүмкін.

Норвегия құрамасы сапында жұлдызды ойыншылар көп. «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд пен «Арсеналдың» капитаны Мартин Эдегор жылдың үздік ойыншысына берілетін «Алтын допқа» үміткер. Одан да басқа Англия, Испания чемпионаттарында доп тебетін футболшылары бар.

Бүгінгі матчқа нидерландтық төрешілер қазылық етеді. Бас қазы - Аллард Линдхаут. Оның көмекшілерінің қасында отандастары Йоост ван Зуйлен мен Рогир Хониг бар.

Қазақстан мен Норвегия алғаш рет жолығайын деп тұр. Бұл ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің де дебюттік матчы болмақ.

Жалпы, Ұлттар лигасында Қазақстан В дивизионының үшінші тобында өнер көрсетеді. Норвегиядан бөлек, Словения және Австрия құрамалары бар.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

31.03.2025

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

30.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады