Букмекерде бәс тігу қағидалары бекітіледі

Бұйрық жобасы жария талқыға шығарылды

Malim Админ

  • 24.07.2024

Елімізде ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және бәс тігудің үлгілік қағидалары жазылды. Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды, Malim.kz.

Құжат мәтіні бойынша, ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор құмар ойынға бәс тігуге қатысушының деректерін жеке тұлғаның жеке куәлігінде көрсетілген ақпараты негізінде Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының қағидаларымен айқындалған құмар ойнына бәс тігуге қатысушыны тіркеу нысанына енгізеді.

Құмар ойынға және бәс тігуге қатысушыны тіркеу нысанында:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

жеке сәйкестендіру нөмірі;

туған күні, жасы;

тұрғылықты жерінің заңды және нақты мекенжайы;

қызмет түрі, жұмыс орны;

құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізілімінде болуы немесе болмауы туралы мәліметтер;

құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болуы немесе болмауы туралы мәліметтер;

ойын мекемесіне келу күні мен нақты уақыты (құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының келу және кету уақыты); 

құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының банктік деректемелері (шот нөмірі) көрсетіледі.

Тіркелетін азаматқа қатысты мәліметтер құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімінде, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болған жағдайда ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор тіркеуден бас тартады және құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға жол бермейді.

Толық мәліметпен құжат мәтінінен танысып алуға болады.

Фото: meta-ratings.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады