«Бұл - әлсіздердің әрекеті»: Бақтияр Артаев боксшылар туралы айтты

Бәрі адамның еңбегіне байланысты

Олжас Қасым

  • 01.08.2024

Париж Олимпиадасында көпшілік бірінші кезекте ту көтеріп барған Асланбек Шымбергенов, одан кейін екінші олимпиадасына келіп тұрған тәжірибелі Қамшыбек Қоңқабаев пен жас өрен Махмұд Сабырханға ерекше сенім артылды. Өкінішке қарай, үшеуі де бірінші айналымнан қайтты. Ал бүгін шаршы алаңға шыққан Айбек Оралбай ширек финалдық жекпе-жекте есе жіберді.Олимпиадада Қазақстанның атын шығаратын боксшыларымыз неліктен жақсы нәтиже көрсете алмай жатыр? Бұл бәсекеде бокстан ел қоржынына жүлде түсе ме? Malim.kz Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың пікірін білді.   

«Алланың бұйыртқаны болады. Бәрі адамның еңбегіне байланысты. Алдын-ала тон пішіп, жігіттерді сөге алмаймын. Олардың еңбегі бар. 4 жыл аянбай тер төкті.  Сондықтан да қазір хейт іздемей, тәуіптік жасамайық. Боксшыларымыз өкінішке қарай сәтсіздікке ұшырап, қысымшылық көріп отырғанда оларға тіреу болудың орнына аяғынан шалмау керек. Былғары қолғап  шеберлері  әлем чемпионатында топ жарғанда бәріміз марқайып қуандық. Ал ұтылып қалған кезде, жерден алып, жерге салғанымыз ұят болар. Ол тектілікке жатпайды. Бұл - әлсіздердің әрекеті. Қазір керісінше есе жіберген жігіттерімізге де қолдау жасап, жұбатып, жігерлендіріп, болашақта жақсы өнер көрсетуіне тілектес болуымыз қажет. Алла нәсіп етсе қалған жігіттерімізге алтын бұйырсын», - деді Бақтияр Артаев.   

Париж Олимпиадасында қай боксшы алтын алады деген  сауалымызға Артаев  қалған спортшыларымыздың бәрінен үміт күтетінін жеткізді.

«Барлығына құрметім зор,  бәрінің де қолынан келеді. Ең бастысы Алла бағы мен сәтін салсын. Қыздардан да үміт күтемін. Алтын жүлде уысымызға түседі.  Жақсы жаңалықтар болады әлі» - деп жауап берді Олимпиада чемпионы.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы 

Байланысты жаналықтар

«Канело» Берлангиді жеңіп, чемпиондық атақтарын қорғап қалды

15.09.2024

Боксшы Махмұд Сабырхан үйленді

09.09.2024

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

09.09.2024

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

07.09.2024

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді

01.09.2024

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 13 жүлде олжалады

01.09.2024
MalimBlocks
«Канело» Берлангиді жеңіп, чемпиондық атақтарын қорғап қалды

Кәсіпқой бокс кеші Лас-Вегаста өтті

Боксшы Махмұд Сабырхан үйленді

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

Бұл туралы Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы баспасөз қызметі хабарлады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Боксшы қызу дайындыққа кірісіп кеткен

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді

Бұл оның орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегі

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 13 жүлде олжалады

Оның біреуі ғана алтын