«Бұл – Олимпиада чемпионы болатын бала»

Дзюдо - футболдан кейінгі орында тұрған әлемдік ең танымал спорт түрі. Бұл күресте жанкүйер де, айналысатын спортшы да өте көп. Сондықтан, топ жару өте қиын спорт түрі саналады.

  • 01.06.2022

 

Францияды өткен әлемдік гимназиядадан Қазақстан құрамасы 72 медаль алып, команда бойынша үшінші орын алып қайтқаны белгілі. Оның 28-і — алтын, 28-і — күміс және 16-сы — қола. Осының ішіндегі 28 күмістің бірін жеңіп алған Алматы облысы Талғар қаласында тұратын Жалын Нұртаймен шағын әңгіме құрудың сәті түскен. Дзюдо күресі бойынша 66 келіде сынға түскен Жалын қазір 16 жаста. Он жылдың ішіндегі ең ірі жеңісі – бейресми оқушылар арасындағы Олимпиада деп аталатын үлкен доданың күміс медалі.


- Ал Жалын, жеңіс құтты болсын! Сен үшін дзюдо деген не? Басқа спорттардан несімен ерекшеленеді?

- Алғаш 6 жасымда әкем жетелеп апарды. Бұл спорт – өте сұлу спорт, қарай қалған адам көзін тайдыра алмайтын, күтпеген әдіс жасалатын, әлемдік спорт түрі. Футболдан кейін екінші рейтингте тұрғанының өзі көп нәрсені аңғартады. Жанкүйері де, спортшылар да көп.

- Әкем жетектеп апарды дедің. Өзіңнің қалауың сол болды ма, әлде әкеңнің қалауы сол болды ма?

- Әкем бойымдағы қызығушылықты байқаған болар, өзім де жақсы көрдім.

- Бүгінгі жеңісің жайлы айтайықшы. Бұл жарыс несімен ерекше болды сен үшін?

- Бұл жарыс – төрт жылда бір келетін сайыс. Бұл мектеп оқушылары арасындағы олимпиада ойындары деп айтсақ болады. Бұл жарысқа 20-дан астам спорт түрінен 300-ге жуық спортшы барды. Сол сапта дзюдодан медаль алып қайтқанымды ерекше жетістік санаймын.

- Дзюдода әр палуанның оң жамбасына келетін әдісі болады. Сен қай әдіске жиі жүгінесің?

- Менің «коронный» әдісім – арқадан асыра лақтыру дейді ғой, сол. Оңға да, солға да жасауды меңгергем. Сосын, алдыға шалып жығу, қапсыра ұстап жығу бар.

- Осы сапарға шығар алдында қарсыластарыңды зертетй алдың ба?

- Әр елдің кіл мықтылары келген сайыс болды ғой деп ойлаймын. 13 адам болды менің салмағымда. Бірінші күресте «свободный» дейді, сайыссыз өттім, екінші сайыста Чили спортшысымен шығып, ипонмен жеңдім. Одан кейін Румыния спортшысымен шықтым. Бұл осы сайыстағы қиын қарсыласымның бірі болды деп ойлаймын. Онымен бір-екі минуттай аңдысып, алысып, ақыры вазари ұпайымен ұттым. Бұдан ары ақтық сынға шықтым.

- Ақтық сындағы бразилиялық балуан сенен ірілеу болған сияқты көрінді маған. Ең ауыр күрес осы болған секілді? Қандай тактика ұстандың және қандай қателік жібердім деп ойлайсың?

- Қателіктен бастайтын болсақ, мен басын жақсы бастадым. Бірақ «корпусқа» бармауым керек еді, о жағынан мықты бала екен. Күші де ұстасқан бетте сезіледі, жерге қарай тартып, өзіне қарай басып күреседі. Тіке көтеріп алып лақтыруға тырысқанымда, іштен шалып, вазариге түсіп қалдым. Тұрғанда қарасам, бір минуттай ғана уақыт қалған. Тәуекелге бармай болмайтынын түсіндім де, тағы да белден ұстап, кеудеге алуға тырыстым. Болса болды, болмаса бітті деген тәуекел енді. Бірақ, тура алғашқыдағыдай әдіске түсіп қалдым. Тактикалық жағынан дұрыс таңдау жасамадым, техникамен күресу керек еді.

- Бұл болашақ үшін бір сабақ деп ойлаймын. Алдағы жоспарлар қандай және қандай кемшіліктеріңмен жұмыс істейсің?

- Азия, әлем чемпионаттары келе жатыр. Маусым айында Бурабайда оқу-жаттығу жұмыстары өтеді, одан ары бір апта демалып, Бакуге, Әзірбайжандармен жолдастық кездесуге барамыз. Ұлттық құрамаға жолдама алатын мүмкіндік. Одан ары Гонконг қаласында Азия кубогы өтеді, соған барам деп отырмын.


Осы кездесуде Жалын Нұртайдың алғашқы жаттықтырушысы Ерлан Жағыпаровпен де сөйлесіп қалдық. 1988 жылдан бері Талғар қаласында жаттықтырушы болып жұмыс істейтін ұстазы он жылда бір осындай «бриллиант бала» тәрбиелеп отырса, жаттықтырушы үшін үлкен мәртебе дейді. Және жалын сияқты тумысынан спортқа бейім балалар сирек кездеседі дейді.


- Жүлде құтты болсын! Жалынның алғашқы жаттықтырушысы ретінде бұл сіздің де жеңісіңіз ғой. Жалын сіздің жаттығу залыңызға 6 жасында келіпті. Жаттықтырушы ретінде Жалынның бойынан қандай ерекшелік көрдіңіз сонда?

-  Бала ә дегенде-ақ көрініп тұрады. Акробатикаға қатысыпты оған дейін, өте икемді бала болды. Одан кейін мінез. Қайтпай күреседі, жаттығуға барын салады. Әр бала өзінше қалыптасады, бірі ұзақ уақыт бейімделе алмай жүреді, бірі салған жерден іліп әкетеді. Жалын осындай алғыр, жанып тұрған бала болды. Әрине, уақыт керек, бірте-бірте жетіледі, дамиды. Алғашқы жарыстарда жеңіледі, артынан қателіктерін түзей бастайды. Жаттықтырушының жұмысы осындай қателіктерді анықтау, сонымен жұмыс істеу. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген сол ғой. Іргетасы жақсы қалыптасқан спортшы ары қарай көп нәрсені өзі істейді.

- Болашақта Жалыннан қандай жетістік күтесіз?

- Егер осы бетінен таймаса, бұл – Олимпиада чемпионы болатын бала. Он жылдың ішінде жүз бала тәрбиелесең, соның ішінен осындай бір бала шығады. Шәкірттерім көп, бірақ, солардың ішіндегі ең бір үміт күтетін ерекшесі санаулы болады. Сол санаулының ішіндегі басты үмітіміз осы Жалын еді, міне, халықаралық деңгейде үлкен олжа салып келді. Өзіңіз білесіз, дзюдо әлемдегі ең бір бәсекесі жоғары спорт, мұндай деңгейге жету – ұзақ жыл бойғы тынымсыз жаттығудың, тоқтаусыз еңбектің жемісі. Басқасы басқа, дәл дзюдода кездейсоқ жеңімпаз болмайды. Олимпиада медалін беретін бала бұл, мен соған сенем.

- Рахмет! Біз де сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан Бағдат СӘРСЕНБАЙ

Байланысты жаналықтар

Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

26.04.2024

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

25.04.2024

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024
MalimBlocks
Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

Бокс 9-мамыр күні АҚШ-тың Поант-Сити қаласында өтеді. Липинец пен Дэвис бокс кешінің негізгі кездесуін жасайды.

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.