Ғалымның құлпытасын тағы да талқандап кеткен кім?

  • 11.05.2021

Қазақ әдебиетінде абайтану саласының негізін қалаған айтулы ғалымдардың бірі, жазушы Мұхтар Әуезовтің аманатына адалдық танытқан ізбасары, Абайдың мемлекеттік музейін ұйымдастырушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сан қырлы талант Қайым Мұхамедхановтың туғанына биыл – 105 жыл. Дәл осы айтулы дата келгенде ғалым бейітін қорлап, құлпытасын бұзған қатыгездік тағы да қайталанып отыр.

Бұл туралы Malim.kz тілшісіне ғалымның ұлы Қанағат ҚАЙЫМҰЛЫ  хабарласып, қабырғасын қайыстырған жайтты қынжыла баяндады.

«Бүгін біз бір топ ағайын –туыстар жиналып, әкеміз бен анамыздың басына зиярат етіп барып қайтқан едік. Абай Құнанбайұлына бүкіл ғұмырын арнап, сол жолда қиындық пен азаптың бәрін көрген әкеміздің дүниеден өткеніне 17 жылдың жүзі болды. Әке қабірінің басына барғанымызда құлпытасының бел ортасынан қақ бөлініп, жерде жатқанын көріп, көзіміз шарасынан шықты. Ең ауыры, бұл сұмдық бірінші рет болып отырған жоқ. 100 жылдығы кезінде де әлдекімдер қабір қоршауын бұзып кеткен болатын. Одан кейін Абай көшесі бойындағы әкеміздің құрметіне қойылған барельефіндегі есімінен латуньннен құйылған әріптерін ұрлап кетіп, тағы да жігерімізді құм етті. Мұндай қастандықтың кімнің тарапынан келіп жатқанын ішіміз сезеді. Атауға дәтіміз бармайды. Білетініміз – бұл өмірбақи әкеммен жөнсіз жауласып, көре алмай күндеп өтетін адамның ісі», - дейді Қанағат Қайымұлы.

Абай әлемін зерттеп қана қоймай, оның ақындық мектебінен тәлім алған шәкірттерінің шығармашылығын да терең зерттеген Қайым МҰХАМЕДХАНОВ 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын сол кездегі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ  қолынан алғаны белгілі. Алайда, 2018 жылы сол кездегі Астана (қазіргі – Нұр-Сұлтан) қаласындағы көше атауларын беруге қатысты жиында Назарбаев ғалымның кім екенін ұмытып қалып, оған не үшін көше атауын бергенін қала әкімінің орынбасары Ермек АМАНШАЕВТАН  сұраған сәтін де ешкім ұмыта қойған жоқ.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Фотоларды автор ұсынды.

Редакцияның рұқсатынсыз материалды көшіріп басуға болмайды.

Байланысты жаналықтар

Семейлік әнші рекорд үшін 100 әнді тоқтаусыз орындайды

14.11.2024

Оқушыларына дәретханада «понятие» туралы айтқан семейлік мұғалім жұмыстан қуылды

19.10.2024

Семейде орман ағаштары жымқырылған

21.09.2024

Жигулиіне сиырларды тиеп алған адам ұсталды

18.09.2024

Семейде психикалық ауытқуы бар адамдарды құрылысқа жеккен

29.08.2024

Семей орманында өрт шығып, тракторшы жазаланды

27.08.2024
MalimBlocks
Семейлік әнші рекорд үшін 100 әнді тоқтаусыз орындайды

Әнші Гиннесс рекордтар кітабына тіркелу үшін арнайы концерт берді

Оқушыларына дәретханада «понятие» туралы айтқан семейлік мұғалім жұмыстан қуылды

Сондай-ақ, «Бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған

Семейде орман ағаштары жымқырылған

Бүгінде жауапты тұлға анықталған

Жигулиіне сиырларды тиеп алған адам ұсталды

35 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Семейде психикалық ауытқуы бар адамдарды құрылысқа жеккен

Мекеме басшыларының ісі сотқа жолданған

Семей орманында өрт шығып, тракторшы жазаланды

Ол енді өрт сөндіру шығынын төлеуі мүмкін