«Менің осал тұсым – әйелдер». Танымал файтер үшінші әйел алатынын айтты

Жалғас Жұмағұлов көп әйел алу ешқандай мәселе емес екенін атап өтті.

Сабина Асқарқызы

  • 25.07.2024

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов үшінші әйел алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Танымал файтер Rukh Entertainment арнасына берген сұхбатында аталарының көп әйел алғанын, өзі де көп әйелге үйленуді жоспарлап жүргенін атап өтті.

"Әзірге екі әйелім бар. Бірақ жақын арада үшеу болады деп ойлаймын. Сізге түсінікті болуы үшін былай түсіндірейін. Арыстандар көп, бірақ әр арыстанның өз прайды (арыстандар тобы) бола бермейді. Менің өзімнің прайдым бар. Мен әйелдерді жақсы көремін. Егер сіз әйелдерді жақсы көрсеңіз, үйленіңіз. Аталарымның көп әйелі болды, бұл біздің мәдениетімізде кездесетін құбылыс, бұл проблема емес. Менің осал тұсым – әйелдер, мен әйелдерді жақсы көремін, хош иісті жақсы көремін, міне менің әлсіздігім", - дейді Жалғас Жұмағұлов.

UFC жауынгері бір әйелді ұнатса, жүріс жасамай, бірден үйленетінін айтады.

"Қазір менің әйелдер туралы айтқан пікірімді дұрыс түсінбей қалады. Мен оңды-солды жүрмеймін. Мен үйлендім. Мен әйелдерді жақсы көремін, сондықтан екінші әйел алдым. Қазір бір ағам мені үшінші әйел алуға итермелеп жүр. Мұндай мотивация бар. Мен мұны жасырғым келмейді, өйткені мен шындықты айтамын. Егер сіз әйелді жақсы көрсеңіз – үйленіңіз. Егер сіз бір әйелді жақсы көрсеңіз – адал болыңыз, бірақ оңды-солды жүрмеңіз. Ол біреудің әпкесі, біреудің қызы, анасы", - деді Жалғас Жұмағұлов. 

Фото: Видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Жалғас Жұмағұлов пен МакГрегор жеңіліп қалды

24.01.2021
MalimBlocks
Жалғас Жұмағұлов пен МакГрегор жеңіліп қалды