Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Ұлттық құрама сапында небәрі екі боксшы жарысты жалғастырып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 02.08.2024

Бокстан Париж Олимпиадасының жартылай финалына Қазақстан құрамасының алғашқы боксшысы жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.

80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрбек Оралбай ширек финалда Әзірбайжан боксшысы Мурад Аллахвердиевті төрешілер шешімімен жеңді.

Бірінші раунд қос боксшы клинчке көп барып, ашық төбелеске барды деуге болады.

Нәтижесінде, Нұрбектің соққылары қарсыласына дәлірек тиіп, төрешілер оған 4:1 есебімен жеңісті берді.

 

Ал, екінші раундта боксшылар сериялық соққылармен көп алмасты. Қазақ боксшысы бірінші номерде жұмыс істеп, қарсыласының жиі қателесуіне мәжбүрледі. Төрешілер бұл раундта да жеңісті Нұрбек Оралбайға берді, есеп 5:0.

 

Ал, шешуші үшінші раундта Аллахвердиев ва-банкке барды деуге болады. Ол Нұрбекке қарсы бірінші номерде жұмыс істеп, соққыларын жаудырды. Десе де, қорғанысты ұмытып, қарымта соққыларды да жиі алды.

Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жекпе-жектегі жеңісті Нұрбек Оралбайға берді.

Айта кетейік, Нұрбек Қазақстан құрамасынан жартылай финалға шыққан алғашқы боксшы.

Құрамадағы 7 боксшының бесеуі жеңілсе, біреуі (Сәкен Бибосынов) бүгін өзбек боксшысымен жұдырықтасады.
Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады