Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олимпиада алдында баспаналы болған легионер балуан жүлдесіз қалды

Спорт
Олимпиада алдында баспаналы болған легионер балуан жүлдесіз қалды

Ол алғашқы кездесуінде Польша балуаны Роберт Баранға қарсы қауқар таныта алмай, 4:1 есебімен ұтылды. Ал оның қарсыласы ширек финалда есе жібергендіктен Ресейден келген легионер балуан жүлде үшін күресу мүмкіндігінен айырылды. 

Юсуп Батырмырзаев бұған дейін Токио Олимпиадасында күресіп, алғашқы айналымда есе жіберген. Ол Париж Олимпадасының жолдамасын биыл сәуір айында Бішкекте иеленді. Ақтөбе облысының атынан күресетін спортшыға жергілікті федерация 5 мың доллар ақшалай сыйлық пен көлік мінгізген болатын. Сондай-ақ, өңір әкімдігі балуанға 2 бөлмелі пәтер тарту етті. Алайда Олимпиада алдында сый-сыяпатқа кеңелген балуан үмітті ақтамай, маңызды жарыстан кезекті рет жүлдесіз қайтқалы отыр. 

Ресейдің Дағыстан Республикасында туған балуан 2015 жылдан бері Қазақстан атынан күреседі. Ол 2020 жылы Азия чемпионатында топ жарса, 2021 жылы күміс жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, спортшы әлем чемпионаттарына да қатысып, жүлдеге қол жеткізе алмады. 

Фото: olympic.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу