Олимпиада биыл да өтпей қалуы мүмкін

Берік Жанатханұлы

  • 16.05.2021

Жапон халқының 60% пайызы Олимпиада ойындарының өтуіне қарсы. Бұндай ақпаратты қоғамдық талқылау өткізіп, зерттеу жүргізген Kyodo агенттігі таратты.

Сауалнамаға қатысқандардың 12,5% олимпиаданың өтуіне қарсы болмаған.  25,2% болса төрт жылда бір келетін спорттық дода көрерменсіз өтсе деген екен. Ал ел астанасы Токиода олимпиадаға қарсы петицияға 350 мың адам қол қойған.

Токио олимпиадасы былтыр өту керек болған. Алайда пандемияға байланысты биылға шегерілген. Бірақ жапондықтар елде вакцина салу баяу жүріп жатқандығын және коронавирус жұқтырушылардың саны көбейіп жатыр дейді. Егер вирус өршіп кетсе ауруханаларда орын жептпей қалатындығын да айтады.  

Kyodo агенттігі сауалнаманы 15-16 мамыр күні жүргізген. Жоспар бойынша олимпиада биыл 23 шілде мен  8 тамыз айлары аралығында өтуі тиіс. 2021жылдың  20 наурыз күні ұйымдастырушылар олимпиаданы шетелдік жанкүйерлерсіз өткізу туралы ұйғарымға келген. Ал жапондық жанкүйерлерге қатысты шешім елдегі пандемиялық жағдайға байланысты қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жапонияның дәрігерлер  кәсіподағы да олимпиада ойындарына қарсы шыққан. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін ондаған мың спортшылар мен журналситер елдегі пандемиялық жағдайды ушықтырып жіберуі ықтимал деген еді дәрігерлер. Олар тіпті премьер-министр Есихидэ СУГЕГЕ арнайы хат та жолдады.

Фото: inforeactor.ru