Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өзбекстан президентінің кенже қызы лауазымды қызметке сайланды

Спорт
Өзбекстан президентінің кенже қызы лауазымды қызметке сайланды

Өзбекстан президентінің қызы Шахноза Мирзиеева бұдан былай елдің Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзбекстаның Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы жиынының тиісті шешімімен Мирзиеева Шахноза Шавкатқызы Өзбекстанның Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына сайланды, - делінген комитеттің Telegram-арнасындағы парақшасында.

Шахноза Мирзиеева бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасы жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі басшысының орынбасары қызметін атқарады. Ал мемлекет басшысының тұңғыш қызы Саида Мирзиеева президент кеңесшісі болып тағайындалған.

Шахноза Мирзиеева 1986 жылы Ташкентте дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Фото: t.me/Paralympicuz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу