Праймериз жастарға жол ашты

Malim Админ

  • 10.11.2020

Сонымен елде қызу талқыланған, көпшілік күдік білдірген Праймериз нақты нәтижесін бере бастады. Бүгін Шымкентте Нұр-Отан партиясының аймақтық конференциясы болып өтті. Оның барысында Мәжіліс пен Қалалық Маслихатқа ұсынылмақ партиялық тізім анықталды. Тиісті тізімге Праймеризде топ жарған қоғам белсенділері енді. Осылайша бұған дейін жабық есік жағдайында әкімге кім жақса сол өтіп кететін тізім енді ашық та бәсекелестік жағдайында жасақталуда. Бұл елдің мәселелерін шешетін маңызды орындарға кездейсоқ, көпшілік тани бермейтін адамдар емес, Праймериз сүзгісінен өтіп қабілетін дәлелдей алған азаматтар келеді деген сөз. Олай болса қабылданатын шешімдердің сапасы да артып халықтың ойынан шығуына негіз пайда болады. Атап өтерлігі - соңғы өзгерістерге сәйкес депутаттыққа кем дегенде 30 пайыз жастар мен әйел адамдардың келетіні. Нақты Шымкент Маслихатын алар болсақ қазір ондағы 26 депутаттың біреуі ғана 40 жасқа жетпеген азамат. Ал енді жаңа құрамға 35 жасқа дейінгі 13 үміткер енген. Сол сияқты әйел адамдардың үлесі 3 есеге өсіп отыр және олардың арасында 3 көпбалалы ана бар. Осының бәрі алдағы сайлауда Нұр-Отан басымдыққа қол жеткізіп жатса Маслихат жұмысына оң серпін бермек. Парламент Мәжілісіне келер болсақ пікірсайыс нәтижесі бойынша ашық дауыс беру арқылы қоғамға танымал және оның сеніміне ие 4 үміткер бекітілді. Атап айқанда олар: Жадыра Танатарова, Гани Ташкараев, Берік Оспанов, Берік Бекжанов. Бұны да Праймериз әкелген жақсы жаңалық ретінде бағалауға болады.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы

Дереккөз: facebook.com

Фото: azattyq-ruhy.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды