Қайрат Сәтжанов - Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері

Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл.

Сабина Асқарқызы

  • 16.08.2024

Қайрат Сәтжанов бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дене шынықтыру және спорт үздігі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.

Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.

2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген.

2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.
Қайрат Сатжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылуда, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады.

Сонымен қатар, бас жаттықтырушының жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілді.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Байланысты жаналықтар

Екі ірі турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

11.04.2025

Сәтжановтың сыналар сәті келді

25.10.2021
MalimBlocks
Екі ірі турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

Бірі Хабаровскте, екіншісі Бакуде өтеді.

Сәтжановтың сыналар сәті келді

Бүгін Сербияның Белград қаласында бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты басталады.