Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испаниямен кездеседі

Спорт
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испаниямен кездеседі

Өзбекстанның Самарқан қаласында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Екінші себетке түскен Қазақстан құрамасы Испания, Жаңа Зеландия және Ливиямен ойнайды.

15 қыркүйек күні өтетін бірінші матчта отандық футзалшылар Испаниямен кездеседі. 18 қыркүйекте өтетін екінші ойындағы қарсыласымыз - Ливия.

Топтық кезеңнің соңғы матчында құрамамыз 21 қыркүйекте Жаңа Зеландиямен өзара кім мықтыны анықтайды.

Өзбекстандағы әлем біріншілігі 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

Матчтар үш қалада өтеді: Ташкент, Бухара және Андижан.

Айта кетейік, әлем чемпионы атағы әзірге Португалия құрамасына тиесілі. Олар 2021 жылы финалда Аргентинаны 2:1 есебімен ұтқан.

Ал Қазақстан құрамасы сол кезде төртінші орынға тұрақтады.

Фото: kff.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу