Қазақстан ұлттық құрамасына отандық маман бас бапкер болды

Әли Ханалиұлы 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген

Сабина Асқарқызы

  • 31.01.2025

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әли Ханалиұлы 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында «ЦСКА-Қайрат», «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Шығыс», «Ордабасы» және «Қызылжар» клубтарында ойнады. Сондай-ақ Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор» және «Диарбакырспор» командаларында өнер көрсеткен.

1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында алғашқы матчын 2002 жылы Эстонияға қарсы өткізді.

Бапкерлік мансабын 2014 жылы «Ордабасы» сапында ойыншы әрі бапкер ретінде бастады. 2018 жылы футболшы мансабын аяқтаған соң Петропавлдың «Қызылжар» клубының тізгінін ұстап, Премьер-лигаға шығарды.

2021 жылы Әлиев Қарағандының «Шахтер» клубында бас бапкер болып жұмыс істеп, кейін «Астана» ФК жастар командасын басқарды.

2022 жылы «Жеңіс» командасын жаттықтырып, содан кейін қайтадан «Қызылжарға» оралды. Әли Әлиевтің жетекшілігімен петропавлдық клуб УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына дейін жетті.

Айта кетейік, Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов бас бапкердің көмекшісі болады.

Нұрбол Жәрдемұлы – Премьер-лигада ең көп матч өткізген футболшы және үздік сұрмергені. Ол 526 кездесуде 167 гол соққан.

2001-2014 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, 58 матчқа қатысты. 

2021-2023 жылдары Қазақстан жастар құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болды.

Қазіргі уақытта Нұрбол Жұмасқалиев Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері қызметін атқарады.

Елдос Ахметов 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті. 2024 жылы жастар құрамасының бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарып, ал сол жылдың қазан айында ұлттық құраманың бапкерлік штабына қосылды.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025

"Атырау" футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

09.04.2025

Магомед Адиев Қазақстанға оралуы мүмкін

07.04.2025

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

03.04.2025

ФИФА басшысы Ресейді әлемдік футболға қайтарғысы келеді

03.04.2025
MalimBlocks
Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

"Атырау" футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

"Атырау" футбол клубы клубтың басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру үшін мемлекет меншігіне қайтарылды

Магомед Адиев Қазақстанға оралуы мүмкін

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

ФИФА басшысы Ресейді әлемдік футболға қайтарғысы келеді