Қазақстанның 4 боксшысы Белград турнирінде чемпион атанды
Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 4 алтын, 4 күміс еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, еліміздің 8 боксшысы финалға шыққан. Олардың төртеуі - Ернұр Қайрат (48 келі), Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі) және Диас Молжігітов (75 келі) «Belgrade winner» турнирінде жүлдегер атанды.
Ал төрт боксшы - Сабыржан Аққалықов (71 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Данияр Рахымбердинов (92 келі) және Олжас Боқаев (+92 келі) күміс жүлде иеленді.
Айта кетейік, халықаралық турнирге Қазақстанның 12 боксшысы қатысты.
ФОТО: pixabay