Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қуанышбек Ысқақов президенттен кешірім сұрай ма?

Спорт
Қуанышбек Ысқақов президенттен кешірім сұрай ма?

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВ ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр БИГАЙДАРОВ мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысының экс-әкімі мен өзге де әкімдіктегі лауазымды қызметкерлерге қатысты тергеу жүргізді. Қазір тергеу амалдары аяқталып, іс Қызылорда қалалық №2 сотқа жіберілді», - деді Бигайдаров.

Қуанышбек ДОСМАЙЫЛҰЛЫ 2020 жылдың 27 наурыз күні ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалған еді. Сондай-ақ, орынбасары Марат ДЕЛМҰХАНОВ және қос кәсіпкер Жеңісбек ЫСҚАҚОВ, Азат ДОСМАЙЫЛОВ ұсталған еді. Бұрынғы облыс басшысына ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылған.

Отандық БАҚ-ры экс-шенеунік Арыс қаласына қайрымдылыққа жиналған 80 млн теңгені қолды етті деп жазған-ды.

Биылғы жылдың 28-наурызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен Қуанышбек Ысқақов қызметінен кетіп, оның орнына Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА тағайындалды. 30-наурызда экс-әкім тергеу абақтысынан үй қамаққа ауыстырылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Енді күдікті экс-шенунік соты №2 Қызылорда қалалық сотында қаралады. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ президент кезінде істі болған жоғарғы лауазымды шенеуніктер үнемі мемлекет басшысынан сотта кешірім сұрайтын. Бұл жолы экс-әкім Ысқақов Тоқаевтан кешірім сұрай ма екен?

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу