Роналду келесі Еуропа чемпионатына қатыса ма?

Malim Админ

  • 28.06.2021

Португалия ұлттық құрамасы чемпиондық атақтарын қорғай алмады. 1/8 финалда белиялықтардан 1-0 есебімен жеңілді. Осылайша,  Евро-2020 доп додасының басты жұлдызы жарыстан шығып қалды.

2016 жылы финалда ойнай алмаған Роналду осы жолы ақтық матчта ойнауға ықыласты еді. Ойнап қана қоймай ұтуды да ойлады. Сол кезде топтық кезеңде «Ювентустың» ойыншысы екі-ақ доп соқты. Ал осы еуро чемпионатының үш ойынында бес гол салды. Турнир алдында оның ұлттық құрама сапында соққан голдарының саны 104 еді. Енді ирандық Әли ДАЕИДІҢ әлемдік рекордын қайталады.

Келесі Еуро біріншілігіне Криштиану РОНАЛДУ қатыса ма? Ол кезде португалиялық шабуылшы 39 жаста болады. Қатысуы ықтимал. Мәселен, швед футболшысы Златан ИБРАГИМОВИЧ 39 жасында жаман ойын көрсетіп жүрген жоқ. «Милан» сынды еуропаның топ клубында. АҚШ я болмаса Араб әмірліктері мен Қытайдың әлсіз чемпионатында жүрген жоқ. Жарақат алып қалғаны болмаса биылғы жарысқа келмекші де болған. Демек, Еуропа Чемпионаттарының үздік мергенін 2024 жылы көреміз.

Фото: by.tribuna.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды