Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рыбакина әлемдік рейтингіде өз орнын сақтап қалды

Спорт
Рыбакина әлемдік рейтингіде өз орнын сақтап қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Ролан Гаррос турнирінен кейін жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Франция ашық чемпионатында ширек финалға дейін жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5973 ұпаймен 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге сырғыды.

Бұл жарыс жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек 11 695 ұпаймен өзгелерден оқ бойы озып кетті. Екінші орынға америкалық Кори Гауфф (7 988) көтерілсе, беларусьтік Арина Соболенко (7 788) 3-сатыға төмендеді.

Ролан Гарроста ширек финалда Е.Рыбакинаны жеңіп, соңғы бәсекеге дейін жеткен италиялық Ясмин Паолини (4 068 ұпай) 15-тен бірден 7-орынға шықты.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 57-ден 54-сатыға жоғарылады.

ФОТО: MACKENZIE SWEETNAM/GETTY IMAGES

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу